Халқымызға пайдасы жоқ заңдар бар,
Сондай заңмен мазамызды алмаңдар.
Заман түбі өзгереді сол кезде,
Еліміздің қарғысына қалмаңдар.
Қазақ емес ең алдымен тіркелсін,
Сырттан келіп талтаңдаған далбандар.
Ал қазақтың тіркелетін үйі жоқ,
Қинап енді бос əуреге салмаңдар.
Баспанасыз сол қазақтың бірімін,
Тіркелетін уақытым жоқ, шаруам бар.
Үй берсеңдер тіркелеміз, қашпаймыз,
Осы заңды талқылаңдар, талдандар.
Əр қазаққа үй берілсін деген Заң,
Шығарады деген бізде арман бар!
Үкіметтің қарғысына қалдым-ау,
Қарғасаңдар "үй алсын" деп қарғаңдар!
Авторы: Саят Әбенов