«ЭКСПО-2017» көрмесіне аз ғана уақыт қалды. Оның логотипі де бекітілді. Оны жасаушылардың айтуынша ол күн, су және жерді бейнелейді. Яғни үшеуін бірге қосқанда «Болашақ энергиясын» сипаттап тұр.

Мәселен, Сәуле (сол жақтағы) адамдарды шуағымен жылытатын күн энергиясын бейнелейді. Ал Қуат (ортасындағы) жасыл энергияны сипаттайды. Яғни жердің күшін, табиғаттың кереметтілігін паш етіп тұр. Мөлдір (оң жақтағы) су энергиясын бейнелейді.
Суретте барлығы әдемі. Алайда суреттегі Сәуле мен Мөлдір, іс жүзіндегі Сәуле мен Мөлдірден алшақ.
Жақында инстаграм әлеуметтік желісінде көрме логотиптерінің фотосы жарияланды. Одан күн мен су энергиясын бейнелейтін Сәуле мен Мөлдірдің сапасыз жасалғанын аңғаруға болады. Фото астында наразы топтың пікірі көп. Олардың дені «ЭКСПО» секілді ауқымды көрмеде мұндай логотипті ұсынғанымыз ұят деген пікір білдірген.
.