Нью-Йорк мэрі және голливудтық жұлдыздар Трампқа қарсы шеруге шықты

/uploads/thumbnail/20170709195529493_small.jpg

Нью-Йоркте АҚШ президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трампқа қарсы митинг болды деп хабарлайды ria.ru. Оған қала мэрі Билл де Блазио, голливудтық жұлдыздар -  Роберт Де Ниро, Марк Руффало, Алекс Болдуин, режиссер Майкл Мур, әнші Шер қатысты. Мыңға тарта адам болды. Қарсылық шеруі жаңа президенттің инаугурациясына бір күн қалғанда өтті.

Олар республикалықтың  Trump Tower штаб пәтеріне жақын жерде жиналды.

Трамптың қарсыластары инаугурацияны болдырмау үшін жаппай қарсылық шерулерін ұйымдастырмақ.

Роберт Де Ниро митингтегі сөзінде Трамптың ел үшін нашар үлгі екенін айтты.

Сахнадан «Біз қарсылық танытамыз. Себебі мәселе біз үшін ең қымбат түсініктер жайында» деген сөздер естілді.

​Акция WeStandUnited ("Біз біргеміз") ұранымен өтті. Ол әлеуметтік желілерде де таралуда. Шеруге қатысушылар Трампты нәсілдік кемсітушілік, діни алауыздық, иммигранттардың құқығын қорғап, медициналық сақтандыру бағдарламасының қолжетімділігі және климатты өзгертуге күресті қолдаумен келісуін қатаң сынға алып отыр.

Әнші Шер болашақ президентті әлемді өзгертетін, өз-өзіне ғашық жан деп атады.

​Республикалық Дональд Трамп өткен жылдың қараша айында президенттік сайлауда жеңіске жетті. Осыдан кейін АҚШ-тың ірі қалаларында мыңдаған қарсыластары митингіге шықты. Шерудің негізгі ошақтары – Нью-Йорк, Атланта, Портленд, Сан-Диего Калифорния штатындағы және Мичиган штатындағы Роял Оак.

Нью-Йорктегі шеруге қатысушылардың саны сәрсенбі күні кешкісін мыңдаған адамға көбейді. Бұған дейін қарсылық акциясында 400-ден астам адам бар деп хабарланған.

 

Нью-Йорктағы акцияға қатысушылар Манхеттен орталығына шықты. Ол жерден сайланған президенттің тұратын Trump Tower-ге қарай жүрді. Демонстранттар «Біздің президент емес!» деп ұрандатты.

Калифорния штатындағы Окленд және Беркли қалаларындағы республикалықтың қарсыластары Трампты жаңа президент ретінде қабылдаудан бас тартты. Көшеге шықты. Оған 200 адам қатысты.

 

Қатысты Мақалалар