The Sun: Боратты ұмыта берсек болады, Қазақстанда одан да жақсысы бар

/uploads/thumbnail/20170709200140505_small.jpg

Британдық баспасөздерде Шәріпованың тек қана кәсіби машықтарын ғана емес, сонымен қоса, Қазақстан боксшысының сымбатын да жарыса жазуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

 «Қазақстанның ең сымбатты спортшысы» атанған Фируза Шәріпова кәсіпқой бокста өзінің ізін қалдырмақшы. Және таңдау дәл осы қызға түскеніне ешкім күмән келтірмейді. Боратты ұмыта берсек болады, Қазақстанда одан да жақсысы бар – Фируза Шәріпованың пішіні. 22 жастағы қыз боксерлік қырынан ғана емес, сымбатымен де таң қалдыруда», – деп жазады The Sun.

The Sun Шәріпова бұрынғы боксшы Денис Рыбаковтың жұбайы екенін де айтып өтіпті. Және ол үшін ең бастысы – спорттағы мансабы және Қазақстан кәсіпқойлары арасынан әлемнің бірінші чемпионы атану.

«Шәріпова боксқа бет бұрмай тұрып, судағы поло мен велоспортпен айналысқан деп жатады. Көптеген адамдар оның модельдік мансаппен бірге спортты алып жүре алатынына сенімді. Ол әуесқойлар арасында Қазақстан чемпионатын бірнеше рет жеңіп алды және Азия біріншілігінің жеңімпазы атанды», – деп жазады британдық басылым.

Шәріпованың сөзінше алғашқы рет мансабын бастағанда, ол мұндай құрметке ие боламын деп ойламаған екен.

«Мен бұл туралы дайындықтан келген соң білдім. Шынымды айтсам, бұлай болады деп ойламадым. Менің басты мақсатым – Қазақстанның кәсіпқой боксынан бірінші чемпионы атану.

22 жастағы Шәріпова Таразда туылған. Кәсіби рингке боксшы қыз үш рет шықты. Бірінші жекпе-жегінде ол 2012 жылғы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері ресейлік Софья Очигавадан жеңіліп қалады, кейіннен екі бірдей жеңіске қол жеткізеді: италияндық Анжело Канецаро және сербиялық Милена Матович.

Осы жылы күзде Шәріпова дәреже үшін жекпе-жекке қатысады. Алдағы болатын жекпе-жекке спортшы қыз қазір Мәскеуде дайындалып жатыр. 

Қатысты Мақалалар