Торды жуып жатқан екі адамға арыстан шабуыл жасады

/uploads/thumbnail/20170709200150826_small.jpg

Жануарларды түрлі фото мен телевизиялық жобаларға арнап түсіретін Shonan Animal Production жапондық компаниясының студиясында екі қызметкерге арыстан шабуыл жасады деп хабарлайды ria.ru. Әйел мен ер адамның басы мен аяғы жарақаттанған.

Оқиға 10 жасар аталық арыстанның торын жуып жатқанда болды. Жануар шынжырмен байлаулы болғандықтан, шабуылдан кейін қашып кете алмады. Жарақат алған адамдарға медициналық көмек көрсетілді. Қазір олар ауруханада. 

Shonan Animal Production компаниясында арыстаннан бөлек барыс, иттер, мысқтар, аттар, зебра, түйе, маймылдар мен кенгуру бар. 

Қатысты Мақалалар