Африка елінде питонды аулау әдістерінің бірі ғаламторда жарияланды. Ол бойынша аңшылардың бірі белгісіз сұйықтықты аяғына жағып, оны жылан ініне сұғады. Біраз уақыттан кейін ол адамның аяғын жұта бастайды. Питон інінен шығуға жақын қалғанда, адамдар бірлесіп оны тартып алады екен. Осылайша питонды қармағына түсіреді. Африкалықтардың мұндай аулау әдісі көптің жағасын ұстатты.