ЭКСПОматематика. Ермегияевтың тұсында Қазақстанға 5 миллионға жуық шетелдік турист келеді деп айтылды. Сосын туристердің саны 1,5 миллионға дейін кеміді. Жақсыбековтің кезінде ЭКСПО-2017 келгісі келетіндердің саны 1 миллионға дейін түсті. Есімов бұл сумманы тағы екі есе кемітті. Бүгінгі күні ЭКСПО-ны 350-ден 1 миллионға дейін турист тамашалауға дейін келеді деп күтілуде. Алайда мына бір ақпарат оларға бөгет болуы әбден мүмкін:
1.Қазақстанға күніне шамамен 20 халықаралық рейс жасалынады
2.Орташа есеппен бір самолетте 200 адам болады
3.Демек орташа есеппен келушілердің саны 4000 болмақ
4.Олардың жартысы қазақстандықтар
5.30 күнде елге 60 000 келеді (күніне 2000 адам деп шамалағанда)
6. Үш айда сонда 180 000 Қазақстанға сапар шегеді
Қалғандары Қазақстанға қалай келмек? Әлде оларды чартерлі рейспен әкелмек пе?
PS: Артық фондағы Есентаеваның әңгімеге еш қатысы жоқ
Ғалым Байтүктің facebook парақшасынан алынды