Барша жұртшылыққа танымал қазақ әншісі Бағдат Сәмединова жеке өмірінде, отбасылық жағдайында үлкен қиындықтарға тап болған қызының тағдыры туралы «Қазақстан» арнасының «Әйел бақыты» атты бағдарламада баяндап берді.
«Менің үлкен қызым Меруерт кішкене тұйықтау болып өсті. Бүгінгі таңда ол да бала тәрбиелеп, қыз асырап отыр. Менің мүмкін жіберген қателіктерім де бар шығар. Меруерттің күйеуі намаз оқитын, бірақ бір жаман ағымдардың соңында кеткенін байқамаппыз. Сөйтіп ол қызыма қысым көрсетіп, паранжа жамыл деп күштепті. Тұрмыстары өте нашар болды. Қазір бірге тұрмайды. Бір күні баласы сырқаттанып қалып еді, мен оған қанша рет баланы дәрігерге алып бар десем де, менің көңілімді қимайды ма, маған «иә» дейді де, бірақ өзі апармай жүре берген», - деп ағынан жарылды ҚР әншісі.
«Содан өзім алып барамын деп үйіне бардым, күйеубалам менімен амандасқан да жоқ. Меруерт өзі әрең дегенде шықты, қорыққанына ба... Дәрігерге барып көрсетіп болған соң, біздің үйге келдік.
Үйіңе бар десем «Бармаймын, мен дәрігерге апардым, енді ол мені таяқтайды», – дейді. Сөйтсем істемегені қалмаған, қатты ұрып-соққан. «Құлағым ауырып жүр», - дейді, қатты соққыдан құлағының жарғағы жарылып кетіпті. Бір күні күйеуі келіп, қоймай кешірім сұрап, алып кетті. Шешесімен келіпті, әпкесі бар - барлығы Қапшағайға барып біреудің үйінде тұрды.
Сол жақа барғаннан соң тағы басталды. Мылтықпен, пышақпен қорқытатын. Бір күні қатты ұрған,пышақты сұғып ала жаздағанда әрең қашып құтылып, бір орыстың үйіне барып тығылыпты. Содан қызым «Мама мен болдым, шыдамым таусылды, келіп алып кет мені» – деді. Сонан соң айырылсты екеуі», - деп қызының қорлықпен өткізген азапты күндерін айтып берді.