Украинада Ресейдің кез-келген кітабын 2017 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап заңды түрде кіргізуге тыйым салынды. Енді дүкен сөрелерінен Ресей кітаптарын көре алмайсыз.
Ресей саясатын насихаттайтындар Украина халқының наразылығын тудырады. Жақында депутат Шуфхевич Украинаның ұлтшылдар ұйымын жоққа шығаратындарды 5 жылға темір торға тоғытуды ұсынды. Бұл ұсыныс әлі қабылданбады.
Ал Киевтегі мектептердің көбі толықтай украин тіліне көшкен. Орыс тілін Киев мектептерінде тек факультатив ретінде ғана оқытатын болған. Астананың көптеген мектептерінде орыс тілі пәнінің орнын поляк тілі алмастырды. Бұл ата-аналардың өтінішімен жасалған өзгеріс.