Құлыптастағы Путин: Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы...

/uploads/thumbnail/20170709201541995_small.jpg

Қарағандылық ритуалды қызмет көрсететін дүкендердің бірі Голливуд жұлдыздары Анджелина Джоли мен Брэд Питт бейнелеген құлыптас сатуда. Оны сатып алып жатқан ешкім жоқ. Мұның бәрі жарнамалық қадам. Джоли мен Питтің суреттері ғаламторда таралып кеткендіктен бүгінде естіген жұрт еріксіз жағасын ұстауда. Мәселе Голливуд жұлдыздарында емес. Мәселе кіріс көзін көбейтеміз деп тірі адамдарды өлі санатына жатқызудан қорықпау. Суретті көрген қазақстандықтар «масқара, адамгершіліктері қайда, мына жұрт пайдадан басқа бір нәрсе ойлай ма екен» деп пікір білдірген. Суретті көрген біз де есеңгіреп қалдық. Сөйтсек, мұндай маркетингтік әдіс-тәсіл тәжірибеде бірінші рет қолданылып жатқан жоқ екен. Бұған дейін де мұндай құлыптас (атақты тірі адамдардың бейнесін тасқа түсіру) Ресейде жарнамалық негізде сәтті қолданылып келген. Мысалы, атақты актер Джордж Клуни, РФ президенті Владимир Путин жарнаманың құрбаны болып өлгендердің қатарында жүр.  

Жазира Байдалы

Қатысты Мақалалар