Сара Тоқтамысова қазақ қыздарына наразы екен

/uploads/thumbnail/20170709201548065_small.jpg

Сара Тоқтамысова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ қыздарына наразылығын білдірді. Оны қынжылтатыны – қазақ қыздарының кинода әртүрлі жігіттермен аймаласып жүретіні. Қазақ актриса қыздарға қатысты ойын Сара Тоқтамысова былайша жеткізді:

«Жаңа бір клип көрдім де. Қазақтың әп-әдемі қызы. Қазақша сайрап тұр. Өткенде 2-3 кинодан көзім шалып қалды, әр кинода әртүрлі жігітпен құшақтасып, құшақтасқаны былай тұрсын аймаласып образға кіріп-ақ жүр енді. Енді әр клипте әр түрлі жігітпен тағы сол, өшпес сезім, сағынып қосылған маxаббат, несін айтасың, тағы сол ғашық жанның рөлінде ойнаймын деп небір сипаттағы кадрлерді сомдап-ақ жүр. Ертеңгі күні бұл қыз тұрмыс құрады, ана болады, сонда жұбайымен бірге жайбарақат мынау кино, клиптерін сараптап көре береді. Бала-шағасына "міне, мен ойнаған туындылар", – деп ұялмай көрсете береді. Қазақтың қанша өрімдей қыздары тура солай болсақ деп алдына арман, мақсат қояды, қиялдайды "онда тұрған не бар?"деген сөйлемді көлденең қойып алады да, ар жағын біліп отырсыздар. Міне, міне, сол жағы ойландырып кетеді. АЛЛА қай-қайсымызға тура жол көрсетсін дейміз».

                                                    

Қатысты Мақалалар