Филиппин астанасы Манилада "Әлем аруы-2016" байқауы өтуде. 86 елден келген арулар сахнаға шомылуға киетін киім киіп шығып, арнайы көйлектерімен жүріп өтті, деп хабарлайды nur.kz порталы.
Қазақстанның атынан байқауға 19 жастағы Семей аруы Дарина Құлсейітова аттанған болатын.



Байқау финалына тек 12 қатысушы ғана өтеді. Олардың он бірін әділқазылар алқасы таңдаса, біреуі көрермендердің дауыс беруі арқылы таңдалады.
Байқау финалы Манила Mall of Asia Arena кешенінде 29 қаңтарда өтпек.

Дарина Құлсейітова "Қазақстан аруы" байқауының, World Beauty 2016, Best Foto Model World Russian Beauty 2015 халықаралық сұлулық байқауларының финалисі, «Miss International Vietnam 2014» байқауында (Fashion House International халықаралық сұлулық байқауы) жеңімпаздар қатарынан көрінген.
Еске салсақ, Дарина байқауға отандық дизайнер Наиль Байкүшіковтің көйлегін киіп шыққан. Салмағы 20 келі болатын бағалы тастармен безендірілген көйлектің құны 2 млн теңге деп бағаланған.


