Астана полицейлері қатерлі ісікке шалдыққан баланың арманын орындады

/uploads/thumbnail/20170709201557690_small.jpg

Қатерлі ісікке шалдыққан бала полицей болуды армандайды.  Астана полицейлерімен бірге бас қаланың көшелерімен патрульдік машинамен жүріп өтіп, арманына жетті.

Sputnik Казахстанқа хабарлаған «Үміт жолы» жобасының еріктісі Жұлдыз Қабдылова баланың жасы сегізде, аты Нұрасыл екенін айтады. Ол онкологиялық аурумен ауырады және емделу үшін Астанадағы ана мен бала орталығына Тараздан келді. Полицейлермен кездесу ұйымдастыруға еріктілер мен «Клуб добряков Астаны», Dream is Real Kazakhstan қатысушылары көмектесті.

«Біз ІІД-мен бірге баланың арманын жүзеге асырдық. Нұрасылдың полицей болғысы келетін арманын біз оның шығармасынан және салған суреттерінен білдік», – дейді Қабдылова.


 

,

Қатысты Мақалалар