Қастандықпен өлтірілген азаматтың әкесі: Не қалды(Жоқтау өлең)

/uploads/thumbnail/20170709201753582_small.jpg

Ұзынағашта Қастандықпен өлтірілген үш азаматтың (Жарқынбек Долданұлы, Мұхият Зарлыханұлы, Қадылбек Әлемқанұлы) бірі Қадылбектің әкесі Әлемқан Аждаұлы мезгілсіз өмірден озған ұлына арнаған жүрегінен жарып шыққан қасіретті өлеңін жариялауды жөн көрді.  Қайғылы әке өлеңінде осы істің басынан бастап ақпараттық қолдау көрсеткен «Қамшы» порталына, тілшісі Ерлан Төлеубайға да алғысын білдірген. «Қамшы» порталы да ақсақалдың қайғысын бөлісіп, шер-мұңын жеңілдетуді дұрыс деп тапты.

***

Не қалды біздерге ауыр күндер қалды,

Ұйқысыз атыратын түндер қалды.

Қош деген бір ауыз да сөзің қалмай,

Арт жақта ұлар шу боп елің қалды.


Баркөлдің жадыраған жазы қалды,

Көкорай құс құнатын сазы қалды.

Жылаумен күндеріміз өтіп жатыр,

Бұл өмір көбі өтіп азы қалды.


Көрмесең сағынатын ауыл қалды,

Жауатын сібірлетіп жауын қалды.

Айнакөл, Тасбастаудай суың қайда,

Ойнайтын асыр салып жерің қалды.


Көтеріп құр сүлдерін әкең қалды,

Зар жылап күндіз-түні шешең қалды.

Қазаңды алыстағы естігенде,

Жол тартып туыс-туған көбі барды.


Бір жұртың нағашыңдай елің қалды,

Естігенде ойбайды бәрі салды.

Қайғымен көкірекке шер байланып,

Күндерден қуанышты елес қалды.


Көп жылап ағаменен бауыр қалды,

Сұм ажал көңілімнің нәрін алды.

Көрмесе сені ойлап сағынатын,

Әпекке, қарындаспен бәрі қалды.


Сыйлайтын ағасындай келін қалды,

Көруші еді бір мақтаныш бәрі сені.

Арыт жақта жылай-жылай қарағым деп,

Көретін бауырындай жеңгең қалды.


Артыңда Перизаттай балаң қалды,

Өшпестей жүрегіне жара салды.

Жас болып оң мен солын тани алмай,

Ұш жаста Нұргелдідей ұлың қалды.


Қайғымен қам көңілді жарың қалды,

Сұм ажал жүрегіңнің гүлін алды.

Үмітпен быр жағынан келер ме деп,

Сен жаққа қарай-қарай көзі талды.


Көретін ұлдан артық атаң қалды,

Алатын үлкендерден батаң қалды.

Көре алмай балдыздарың бәрі зар боп

Әйтеуір шықпағанда жаны қалды.


Тарықсаң бір сүйеніш енең еді,

Бел еді, тірісінде медеу еді.

Ақылмен жөнге салар бір ауылды,

Текті еді, бәрін ойлар өрелі еді.


Көп басқан айна бұлақ ызың қалды,

Аралас тату-тәтті көршің қалды.

Бір белгі ауылдасың еске алатын,

Тигізген көпке көмек ісің қалды.


Күйінді жанашыр жұрт еңіреді,

Іздеуге еріктілер келіп еді,

«Қамшыдайын» хабардан Ерлан бауырың,

Аянбай күндіз-түні тер төгіп еді.

Дәкендей арт жағыңда ағаң қалды,

Айтқанда Қадылбек деп жағы талды.

Басыңа ескерткішті өзі қойып,

Істерді ауыр салмақ үстіне алды.


Ат қойды ұш арыс деп ағаларың,

Ойласам лайықты екен бағаларың.

Жеріне қазақ елі Қоныстанып,

Осынау кең өлкені араладың.


Кеттіңдер Қастандықпен шет жерінде,

Болмаса көз жұмбадың өз еліңде.

Бір уыс топырақ боп қалмадыңдар,

Құтты жер Құтбый мен Баркөліңде.


Ат қалды иесі жоқ арындаған,

Бір күнде ашты тері алынбаған.

Жер қалды Қызыл құдық, ірге күнгей.

Көргенде көзге ыстық сағымданған.


Халықтың қарсылығы болды күшті,

Әйтеуір қылмыскерлер қолға түсті.

Кешегі жарқылдаған азаматтар,

Мезгілсіз ажал жетіп жолға түсті.


Дариға-ай өлмегеннің азабы мың,

Неше мың адам келді қазалы күн.

Жете алмай жер шалғай боп жаназаңа,

Молланың естімедім азалы үнін.


Біз тұрмыз алтын еміл кезеңінде,

Қайғымен өртенеді өзегімде.

Қия алмай еріксізден көп жыладым,

Қош айтып қабырыңнан кетерімде.


Мұқият, Жарқынбектей досың қайда,

Әке өліп бала қалар жосын қайда.

Сұм ажал үшеуіңді бірдей жұтып,

Баянсыз жалған дүние осындай ма? !


Жақсы екен ынтымағы ондағы елдің,

Осы рет жақсылығын көрдім көптің.

Жазбадым өнер тасып жетіскеннен,

Азырақ көңілімнің зарын төктім...

Қатысты Мақалалар