Сотқа 19 адам тартылды деп хабарлайды ratel.kz. Бұл Қазақстанның сот процестерінде ешқашан болмаған дейді Шымкенттің аудандық Әл-Фараби соты.
Айыпталып отырған 19 адам сот материалы бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері. Олар ұрлық жасамады, адам өлтірмеді тіпті қаржыны да жымқырмады. Қылмыстық топ мемлекеттік қызметке үміткерлердің орнына тест тапсырып отырған. Яғни, жалған құжаттар арқылы өздерін басқа адам деп танысырған. Олар үшін тест тапсырып, бұл қызметі үшін ақшалай сыйақы алып отырды. Бұл адамдардың көмегіне жүгінгендер «сынақтан сүрінбей өтіп» мемлекеттік қызметте өз қызметтеріне кірісіп кете берген.

Сот залы сотқа тартылып отырғандардың туыстарымен толды
Жалған шенеуніктердің қызметі сұранысқа ие болғаны соншалық, олар бүкіл Қазақстан бойынша «жұмыс істеген». Беделді қызметке үміткерлер білім сынағынан өтуге өз қауқарлары жетпеген болуы керек.
Тесттен сәтті өткендерге 2-3 мың АҚШ долларын берілген екен.
Ұйымдасқан қылмыстық топ 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Тергеу барысында олардың 148 шенеунікке көмектескені белгілі болды.
Ratel.kz ақпаратына сай лауазымды тұлғалардың арасында белгілі адамдар да бар екен. Алайда, сот олардың есімін жариялаудан бас тартты, тек жұмысынан шығарылғанын немесе өз еркімен кеткені айтылды.
Айыпталып отырғандардың барлығы ақылды, сауатты, білімді, бірақ жұмыссыз. ҰҚТ басшысы Сәкен Нөсеров дәл осындай адамдарды өз тобына жинақтаған. Сот оған 7 жыл кесті. Дәл осындай мерзімге топ ұйымдастырушысы Мәдина Досжанова да кесілді.
Басқалар үшін тест тапсырған 6 айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған 11-і іс бұрында болғандықтан жауапкершіліктен босатылды.
Сот үкімді оқығаннан кейін сот залында шу басталды. Бас бостандығынан айырылғандардың туыстары жылап, бірі балағат сөздер айтты. Әйнек будканың ішінде отырған баласын анасы құшақтауға тырысты. Әйел тек қолын сұғып үлгерді. Баласы анасының қолын сүйіп, екеуі де көз жасына ерік берді. Олардың бір-бірімен қоштасуына ешкім кедергі келтірмеді.


Сот шулы қылмыстық істің соңғы нүктесін қойса да,аталмыш топтың көмегіне жүгінген мемлекеттік қызметкерлер неліктен жазадан құтылып кеткені жауапсыз қалды. Олар тек қызметінен ғана босатылды. Сот олардың есімдерін де атамады.