Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев ҚР Конституциясының ресми мәтінін халыққа жариялады деп хабарлайды kabar.kg.
Қол қою рәсіміне премьер-министр Сооронбай Жээнбеков бастаған топ, үкімет мүшелері және праламент фракциясының барлық басшылары қатысты. Бас прокурор Индира Джолдубаева да бар.
«Құрметті отандастар! Өздеріңіз білетіндей, 11 желтоқсанда халқымыз Конституцияға өзгеріс енгізуді қолдады. Конституцияға 40 өзгеріс енгізілді. Аталмыш өзгерістер ұлттық мүддеге қарсы көптеген қауіптен тазартылды. Бүгін біз жаңа, тазартылған Конституцияны жария етеміз» деді Атамбаев.
Қырғызстан басшысының сөзінше, Конституцияның түп нұсқасы президент аппаратында сақталады. Ал оның 4 көшірмесі Жогорку Кенеш өкілдеріне, Үкіметке, Конституциялық палата және Жоғары сотқа беріледі. Конституция мәтіні "Эркин Тоо" газетінде жарияланады.