В.К.БОЖКО НЕНІ КӨКСЕЙДІ?

/uploads/thumbnail/20170709201826520_small.jpg

Қазақстандағы казактар ағымының қашандағы түпкі мақсатының астарында- казак-орыстардың ұлттық, мәдени ерекшеліктеріне сай шаруашылық жүргізу нысандарын (кәсіпкерлік) құрып, ірілендіру; тұрғылықты жерлердің табиғи ресурстарына ие болу; жер нарығы, құқықтық қатынастарын қалыптастыру арқылы - аумақтық әкімшілік басқару органдарын құру; Жарғыға сәйкес жеке байланыстары, меншігі, банкте есебі, мемлекеттік ерекшелік белгілері бар субъектіге айналу жолымен казактар қоғамының құқықтық негізін жасау; кемеліне келтірген соң келесі кезекте республикамызда шашырай орналасқан «казак ұлтының» этникалық және географиялық аумағын белгілеу, өзін-өзі билеу туралы талаптарын заңдастыру, оларды мемлекеттік саяси қатынастардың құқықтық субъектісі ретінде таныту тұр.

Осы тұста Ресей Госдумасы депутаты П.Шперовтың кешегі мәлімдемесіне назар аударыңыздыр: "Мы великая страна и должны защищать свои интересы по всему миру всеми доступными силами. Сил у нас достаточно, нужно вести пропаганду, не все потеряно в так называемых странах ближнего зарубежья", — заявил нелегитимный депутат. По мнению Шперова, "когда мы, например, в Казахстане называем наших соотечественников диаспорой, то это наши земли, которые временно отторгнуты. Границы не вечны, и мы вернёмся к границам государства российского. Это будет в ближайшее время". Казактар одағын құру әңгімесінің бастауында П.Шперов секілділер тұрмасына кім кепілдік береді.  Бұған Ресей казактарының әлі күнге дейін: «Казачий Союз - собирается для работы по достижению следующих основных целей: - восстановление исторического автономного устройства и границ областей казачьих войск с их традиционными названиями и старинными формами самоуправления, образом жизни, символикой и атрибутикой» - деп жүрендері дәлел болар еді. Божко мен Шперовтың мәлімдемелерінің бір мезгілде тарауы да ойлантпай қоймайды. Ендеше әлі де болса республикамыздың мемлекеттік дербестігі мен аумақтық тұтастығына дау айтушы жекелеген әпербақандар (В.В.Жириновский, П.Шперов т.б.) жүргенде, бүгінгі ішкі – сырты саясат, тұрақтылық мың құбылып тұрған заманда мұндай «әскери құрылымды» елімізде заңдастыруға жол беруге болмайды.

Айтарым, казактар қозғалысы сонау тоқсаныншы жылдары «бостандық, тәуелсіздік, теңдік, өзін-өзі билеу» сияқты сол тұстағы ең көп тараған қиялмен өз алдына дербес автономиясын құруды, Ресейге бірігуді көтеріп келген болса, ТЖМК-дан кейін бұл істерінің орындалуының мүмкін еместігін түсінген олар Қазақстанның құрамында өздерін әлеуметтік этнос ретінде, басқарудың кейбір функцияларын дербес атқару құқығына ие ұлттық-мәдени автономия құру қажет деген бағыт ұстанды. Ақырында екеуі де іске аспағасын кейінгі жылдары Қазақстанның әр облыстарында өз қалаулары бойынша әрекетке көшіп, олар қоғами-саяси ахуалды ушықтыру жолында кейбір саяси ағымдар мен үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарды пайдалану арқылы бірігіп қимылдайтынды шығарып жүр. Тіптен, орыс, казак және славян қоғамы бірлестіктері «Қазақстан халықтары ассамблеясының» құрамына кіреді. Кейінгі кездерде олардың өкілдері демократия шапанын жамылып, кейбір партиялар мен қозғалыстардың мүшелігіне өтіп, саяси кеңестерінің құрамына кіріп жер, меншік, тіл, ұлтаралық қатынас мәселесі сөз болғанда, сондай-ақ, саяси науқандық сайлау кезеңдерінде қалаған үміткерді, жергілікті мәслихаттардағы депутаттық фракцияларды қолдау арқылы үлкен әлеуметтік топқа айналып, туындаған кейбір нақты жайлар төңірегінде қоғамдық пікір тудырып, ішкі саяси, ұлтаралық тұрақтылықты шайқалтудың тұрақты объектісіне айналды. 

Олар бүгінде өздерінің күрес тактикасын өзгертті. «Жау жоқ деме, жар артында» - деген, жалпы «казак» ұғымын қабылдауға болмайды. «Я считаю, что в нашей стране государство образующей нацией кроме казахов являются и русские. Русские – не диаспора. Нас в Казахстане более 35%. Наша страна многонациональное государство, в котором титульная нация состовляет около 60%. Я категорический не могу согласится с тем, что человек без знания казахского языка не имеет права на место в Парламенте и государственные должности» - деп, Қазақстанның ұлттық мемлекет екенін мойындағысы келмей, оны бөлшектеуге даяр жүрген Жетісу казактары мәдени орталығының Геннадий Беляков секілді атамандары барда (Алма-Ата ИНФО. №12. 18.04.2006) біз бәріне де дайын болуымыз керек. Артымызға түсіп, өкшесі қисайып кетсе екен деп бақылап отырған мысықтілеулестер де аз емес. Бүгін де, болашақта да Ресей мен Қазақстан арасында неше бір келісім жасалса да, олардың бұрынғы отаршыл мінезін қайта жаңғыртуға даяр екендерін ұмытуға болмайды. В.К.Божконың көздегені де осы болуы әбден мүмкін. Міне сондықтан болашақта да казактар мәселесінде қырағылық танытып, әркез олардың қай жерде қалай бұрылатынын қадағалап отырғанымыз абзал.

Бұл орайда 1991 жылғы «Орал оқиғасы» көрнекті сабақ және болашаққа ескерту болуға тиіс. Біздер Орал оқиғасының түбегейлі тарихын біліп қана қоймай оның бүгінімізге бедер-бітім, келешек күндерімізге сабақ-арқау болатын тағылымдарын да тиянақтап, одан дұрыс қорытынды шығаруымыз шарт.

Нұрлыбай Қошаманұлы

28.01.2017

Ақтөбе қ.

Қатысты Мақалалар