АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы Сан-Диего аймағында орта мектептің мұғалімі сабақ кезінде дәретханаға жібермегені үшін оқушыға миллионнан доллар көлемінде моральдық айыппұл төлейтін болды деп хабарлайды actualnews.org.
Оқиға 2012 жылы болған. Гонья Вольф есімді оқытушы 14 жастағы мектеп оқушысының қолына шелек ұстатып, қажетін тазалық бөлмесінде өтеуге мәжбүрлеген. Ол сондай-ақ, оқушыдан шелектің ішіндегісін сыныпта орнатылған қол жуатын шұңғылшадан ағызып жіберуін сұраған.
Оқушының қорғаушысы қыздың ар-намысы тапталып, жазықсыз жазаланғанынан қатты күйзеліске ұшырағанын айтып отыр. Сот бес жыл өткен соң істі жапты. Қаулыда қызға 1,25 миллион доллар көлемінде моральды айыппұл және медициналық шығымын өтеу үшін 41 мың доллар төлеу керек деп көрсетілді.