Зообақта жантүршігерлік оқиға болды

/uploads/thumbnail/20170709202129773_small.jpg

Қытайдаға Нинбо қаласында ер адам әйелі және екі баласымен зообаққа келген. Әйелі мен балалары үшін билет сатып алып, өзі үш метрлі дуалдан өтіп, ақысыз баққа кірмек болған. Тыйым салынған белгілерге қарамастан, Чжан есімді азамат зообақтың дуалынан өтіп, жолбарыстары бар аймаққа түскен. Сол уақытта жыртқыш аң ер адамға шабуыл жасап, нәтижесінде ол көз жұмды деп хабарлайды Shanghai Daily. Полиция мен зообақ қызметкерлері жануарларды адамнан ажыратпақ болған, бірақ нәтижесіз. Бірінші шабуыл жасаған жолбарысты атып тастады.

Бүгін зообақ жабылды. Жергілікті билік туристік орындарды қауіпсіздік нормаларына қаншалықты сай екенін тексеріп жатыр. Болған оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 

Қатысты Мақалалар