Саудия елшісі: «Ердоғанның президенттікке өтуін қолдаған бізбіз. Төңкерістен кейін де қолдадық. Алайда, ол Сириядағы бар ілгерілеушілікті кері кетіріп қиянат жасады. Өз мүддесі үшін Ресей мен Израильге жақындады» деді.
Сауд Арабияның Анкарадағы төтенше және өкілетті елшісі доктор Адил ибн Саррач Мардад Түркияға қатысты BBC-ге берген сұхбатында, Ердоғанды қатаң айыптайтынын білдірді. Мардад Түркияның мүдделері мен ішкі саяси дағдарыстан қашу үшін Ресей мен Израилге жақындағанын айтты.
Өкілетті және төтенше елші Мардад президенттік таққа келу үшін Ердоғанды қолдаушының бірі Сауд Арабия болғанын, төңкерістің ізін ала Түркияны және таңдалған үкіметті алғашқы болып қолдаған елдердің арасында Сауд Арабия болғанын, бүгінгі күнге дейін қолдап келгендерін білдірді.
Елші Түркияның 6 жыл бұрын Сириядағы халық көтерілісін қарулы оппозицияға айналдырғанын әрі Сирия президентіне қарсы оппозициялық топтарға құшақ ашқанын, кейіннен Ердоғанның әр жолы «Асад кетуі тиіс» деген ұстанымын Сириядағы дағдарыстың шешімінің бір ғана жолы ретінде жария еткенін білдірді.
Ердоған мен Әділет және даму партиясы айнып кетті
Елші Ердоғаннан бастап түрік үкіметінің кезінде «қызыл сызық» деп қабылдаған Асадтың кетуі ұстанымынан соңғы уақыттарда айнып шыға келгенін білдірді. Сауд елшісі Түркияның Сириядағы осы ұстанымындағы өзгерістің Османлы кезеңінен бері түріктердің мүдделері өзгергенде Араб елдеріне қарсы жасалған қиянаттың бір басқа түрі екенін алға тартты.
Сөз түйіні ретінде елші Мардад Сириядағы бейбіт тұрғындардың өлімі, миллиондаған адамның баспанасыз қалуы және босқындар үшін Түркия жауапты екенін білдірді.
Бұдан кейін іле-шала Дубайдан да Ердоғанға қарсы наразылық келді.
Дубай полиция басшысы Дахи Қалфан Ердоғанды Сирия саясаты үшін қатты айыптады. Ердоғанның Сирияны тып-типыл етуге атсалысқанын айтты.
Дубай полиция басшысы: Ердоған бұны істемей тұрып оған айттық. Оппозицияны Асадқа қарсы жинады және оларды Асадқа қарсы айдап салды. Енді оппозицияны режим күштеріне құрбан етіп ұсынуда. Ердоған Сирияны қиратуға атсалысты.
CNN Arabic- те жарияланған хабар бойынша Біріккен Араб әмірліктерінде мейлінше ықпалды бюрократ болған Дубай Полиция басшысы Дахи Қалфан Твиттердегі парақшасында Ердоғанды сынады. Қалфан Твиттерде «Ердоған оппозицияны Асадқа қарсы жинап, Асадқа қарсы айдап салды. Енді үміт үзгеннен кейін оппозиядан құтылғысы келуде. Оппозицияны режим күштеріне құрбан ретінде ұсынуда. Бұл қателікті істемеуін біз бұрынырақта оған айтқанбыз…» деп жазды.
Ердоғанның Сирияда болған адамзат трагедиясын жасауға атсалысушылардың бірі екенін айтқан Полиция басшысы былай деді: «Ердоған оппозицияны сенделетті, халқын ауа көштірді және Сирияның қирауына ортақтасты. Ащы шындық осы. Ердоған Мұсылман бауырларының арбауына түскен құрбан» деген.
Берік Мыңжасар