Димаш Қытайдың жаңа жылдық мерекесіне ән тарту етті(Видео)

/uploads/thumbnail/20170709202312005_small.jpg

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Хунан телеарнасының Қытайдың Көктем мерекесіне (Қытайдың жаңа жылы) арналған концертке қонақ болып өнер көрсетті.

Димаш сахнаға: «Ассалаумағалайкум ағайын, жаңа жыл құтты болсын!», - деп шықты. Сондай-ақ, «Опера 2» әнімен қытайлық көрермендерді тағы да тәнті етіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.  

Қытайдың көне күнтізбесі бойынша әр жыл сайын қытай Жаңа жылы 12 қаңтар мен 19 ақпан аралығында келеді. Осы уақыт жыл басындағы жаңа туған айға сәйкес келеді. Грегориан күнтізбесі енгізілгеннен кейін бұл мерекені батыстық жаңа жылдан ажырату үшін «Көктем мерекесі» деп атайтын болды.  Қытай дәтүрсі бойынша бұл Қытай халқының ең үлкен мерекесі. Мереке басталған күндері бүкіл Қытайда өндіріс орындары тоқтап, ел ішінде өлі тіршілік орнайды. Барша қытай халқы мерекені өз обасыларында қарсы алады.

Қандасымыз Димаш Хунан телеарнасының «Singer2017» ән байқауына қатысып жатыр. Ол бұған дейін байқаудың алдыңғы екі кезеңінде де бірінші орын алған еді. Оның өнеріне қытайлық тыңдармандар ыстық ықыласпен қолдау көрсетіп жатыр. Оған Sina Weibo микроблогына жазылушыларының саны 1 миллион 200 мыңнан асып кеткені дәлел. 

Еске салайық, Димаш Құдайбергенов Витебскте өткен "Славян базары-2015" халықаралық байқауында жеңімпаз атанған еді. Ол, сонымен қатар, "Шығыс базары" және "Мейкин Азия" байқауларының Гран-при иегері.

Қатысты Мақалалар