Мешітте бірнеше адамды өлтіргендер ұсталды

/uploads/thumbnail/20170709202532664_small.jpg

Канадалық 27 жасар Александр Биссонетт 6 адамды өлтірді және 5 адамды өлтіруге оқталды деп айыпталып отыр деп хабарлайды CBC.

Александр Биссонеттаға дейін ұсталған күдікті Мохаммад Хадираны тергеуден кейін жіберген. Қылмыстық іс бойынша ол куәгер ретінде өтіп жатыр.

Естеріңізге салайық, Канада мешітінде қару асынған адамдар кешкі намаз кезінде мешітке кіріп, адамдарды ата бастаған. Нәтижесінде 6 адам көз жұмып, 18-і жараланды. Оның екеуі ауыр жағдайда. Канада билігі болған оқиғаны теракті деп атады.

Құқыққорғаушылардың мәліметінше, Александр Биссоннетт  мешіттегі адамдарға оқ жаудырғаннан кейін,  көлікке отырып қашып кеткен. Бірақ полицейге өзі хабарласып, тұтқындалды. Оның көлігінен екі Калашников автоматы мен тапанша табылды.

 

Қатысты Мақалалар