Универсиада билеттері екі есе бағасына сатылып жатыр (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709202558072_small.jpg

Алматының Қоғамдық кеңесі алыпсатарлардың Алматыда 28-ші Әлемдік қысқы Универсиада да қалай ақша тауып жүргенін білді деп жазады ratel.kz.

Шетелдіктердің алдында ұят болды

Оңтүстік астананың билігі қала тұрғындарын қонақтар келгенше көліктерді жууға мәжбүрлеп жатқанда, кейбір пысық жергілікті тұрғындар жылдың ең ірі спорттық шараларының бірінде жақсы жұмыс істейтін жүйе құрып үлгерді.

Универсиаданың басталғаны кеше ғана, ал билет сатылымында мәселе туындап үлгерді. Кассада билет жоқ.

Алматының Қоғамдық кеңесінің  өкілі  Анна Данилина АҚШ-Канада хоккей матчында адамдар билеттің жоқтығынан сыртта кіре алмай тұрған уақытында, орындардың  10% бос болғанын айтады.

Хоккей таңдаулы адамдар үшін

Шын мәнісінде билеттерді көшеде сатқан. Анна Данилина алыпсатарлармен болған диалогты бейнекамераға түсіріп үлгерді.

Билет сатып жатырсыңдар ма? Тағы билет бар ма? Қаншадан?

8 мың теңгеден

Неге сонша қымбат? Кассада ең қымбаты 5 мың ғой.

Бұрыннан билет жоқ.

Олардың жалғыз емес, топпен жұмыс істейтіні анық. Олар телефон арқылы біреумен үнемі байланыста болды.

20 минут күте тұрыңыз. Қазір олар түседі

Олар дегенің кімдер?

Алыпсатарлар...Қазір 7:30 олар бес  мыңнан да бере бастайды. Хоккей басталмаса тіпті екі мыңнан сатады.

Өзі шығынға батсада ма?

Олар билеттерді 700-ден алды.

Сайтта қатарға байланысты баға 500 теңгеден 50 мыңға дейін деп көрсетілген ғой.

Олар артқы орындарды  700-ден сатып алып, 8 мыңнан сатып жатыр.

Көп емес пе?

Бұл онның бірі ғана. Екіден де бересің....

Ал халық билеттерді сатып ала алмай отыр. Кассада билеттер мүлде жоқ.

Кассада билеттің біткеніне екі апта өтті.

Белсенділер бастапқы бағасы 500 теңге болған билетті 6 мыңға сатып алып үлгерді.

Анна Данилина, Қоғамдық кеңестің төрағасы Рахман Алшановтың бастамасымен билеттер сатылымы қалай болып жатқанын білу үшін матчқа  келгендерін айтады.

«Күндізгі спорт шараларына билетті кассалардан табуға болады. Ал бүгінгі Қазақстан-Швеция матчына ресми сатылымдағы орындарда билеттер жоқ. Көптеген шетелдіктер Алматыға билет сатып алып, спортшылардың өнерін тамашалау үшін келді. Матчты көргісі келетін қазақстандықтарды айтпағанда. Алайда не болып жатқанын қараңыз. Біз бұл мәселемен заңды түрде айналысуы үшін, ресми хат дайындап жатырмыз».

Аннаның сөзінше алыпсатарлар олимпиаданың жабылуы салтанатына билеттерді 50 мыңнан сатып жатыр. Ал кассада оның бағасы 13 мың теңге болған.

Алматы полициясы Универсиада-2017 билеттерін Орталық стадионның жанында және «Халық Арена» комплексінде сатып жүрген алыпсатарларды ұстады. Олардан 80 және 42 билет тәркіленді. Ұсталғандар полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Алматы қаласының ішкі істер Департаменті алыпсатарларды көрген жағдайда  - 254-40-07; 263-36-36 және 263-38-38 сенім телефондарына қоңырау шалуды сұрайды.

 

 

Қатысты Мақалалар