7 айлық қызы зорланған әкенің жан ұшырарлық кегі

/uploads/thumbnail/20170709202606126_small.jpg

2014 жылы Үндістандағы Пенджаб аймағында 14 жастағы бала 7 айлық қызды зорлап кетеді. 3 жылдан кейін 17 жасқа толған күдікті сот алдында жауап беру керек болады.

Алайда әлдебір себептерге байланысты сот кейінге шегеріле береді. Қыздың туған-туысы қандай күйде болғанын елестете аласыз ба? Олар 3 жыл бойы жігіттің жаза алуын күтіп жүреді, бірақ кенеттен сотты кейінге шегере береді.

Қыздың Парминдер Сингх есімді  25 жастағы әкесі жоспар құра бастайды. Қыздың әкесі қыз зорлаушы жеткіншекке мотоциклмен қайтадан қалаға дейін жеткізуге ұсыныс жасайды. Ол жігітті бәрін сотсыз шешуге болатынын айтып сендіреді.

Алайда қалаға жеткізудің орнына Сингх каналға барып, жеткіншекті ағашқа байлап қояды. Сосын ол оны ұрып-соғып, екі қолын шауып тастайды.

Кейбір адамдар жігіттің айқайын естіп, көмекке келеді.

Полиция келіп жеткенде, Сингх оқиға орнында болмай шығады. Оған адам өлтіру бойынша кінә тағылып отыр. Егер адамдар дер кезінде келмегенде, жігіт тірі қалмас еді.

Үндістандағы сексуалды зәбір көрген жағдайда осы сынды кек алушылық жиі кездеседі. Сот жүйесі мұндай сұрақтарға өте жәй жауап береді. Ал, оған шыдай алмаған отбасылар өздерінше жазалайды екен. 

Қатысты Мақалалар