Қазақстандық скрипкашы Трампқа ренжіп АҚШ-та концерт өткізуден бас тартты

/uploads/thumbnail/20170709202650201_small.jpg

Айша Оразбаева АҚШ-қа 2017 жылдың 27-ші сәуіріне дейін кіруге тыйым  салған жеті елдің мұсылмандарына қолдау білдірді деп хабарлайды Slippedisc.

Қазақстандық скрипкашы Айша Оразбаева Дональд Трамптың көші-қонға қатысты бұйрығынан кейін дебюттік концертін АҚШ-та өткізуден бас тартты.

Айша пианиношы Джозев Хьюстонмен осы демалыста АҚШ-та концерт өткізуі  керек болған.

«Мұсылман елдері азаматтарының елге кіруіне тыйым салып, халықаралық Джон Кеннеди әуежайында визасы бар 7 босқынды ұшақтан түсіріп, Иран азаматын грин-карта болғанына қарамастан  АҚШ-қа кіруіне тыйым салғанын оқығанда АҚШ-та концертімді өткізбеймін деп шештім. The Guardian газетін оқып отырып, АҚШ-қа бара алмаймын деген ой келді» дейді Айша Оразбаева.

Трамптың бұйрығы бойынша АҚШ-қа – Иран, Ирак, Ливия, Сомали, Судан, Сирия және Йемен елдерінің азаматтары кіре алмайды.

Қазақстандық скрипкашы концертті болдырмай тастағаны туралы ақпаратты музыкалық сыншы және концерт ұйымдастырушысы Питер Маргаск таратқан. Ол скрипкашыны түсінетінін және қолдайтынын жеткізген. Сонымен қатар, концерттің болмайтынына қынжылатынын да айтты.

Айша Оразбаева Лондонда «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған. Қазіргі таңда ол классикалық музыканың жаңадан шығып келе жатқан жұлдызы болып есептеледі. Оның концерттері Испания, Италия, Автрия және Ұлыбританияда өтеді.

 

Қатысты Мақалалар