Шие бақтарына оранған Сайтама қаласында Ичиро мен Томоко кездесіп, отбасын құрды деп жазады inforesist.org. Үйлерін кепілдікке қойып, кішігірім мейрамхана ашты. Жұмыстары алға басты. Алайда бір мезетте нарық құлдырап, жас отбасы қарызға белшесінен батты. Сол кезде Ичиро мен Томоко үйлерін сатып, заттарын жинастырып, жоқ болып кетті....Мәңгілікке...
«Адамдар өмір сүруден қорқады. Сондықтан ақ туды көтеріп, оларды ешкім білмейтін жаққа қарай беттейді....Бірақ қашу оңайға соқпайды, өлім сағаты да жақындап келеді» дейді Ичиро.
Жапония тек озық технологияларымен ғана емес, біртүрлі түсініктерімен де таң қалдыра алады. Мәселен онда мысықтарға арналған кафе мен «Өлім орманы» бар. Аталмыш орманда жылына 100 шақты адам өзіне қол жұмсайды. Сонымен қатар, Жапонияда адамдар жоқ болып кетеді екен. Барлық елде адамдар жоғалып кетеді ғой, онда тұрған не бар дерсіздер. Алайда, мәселе адамдардың оны өздері арнайы ұйымдастыруында.
1990 жылдардың ортасында жыл сайын 100 000 жапондық өздігінен жоқ болып кеткен. Олар өзбетінше жоғалу жоспарын құрады. Ажырасу, қарыз, жұмыстан шығарылуы, тапсыра алмай қалған эмтиханның салдарынан оларды ешкім білмейтін аймаққа ешкімге, ештеңе айтпастан кетіп қалады.
«Жапонияның жоқ болып кеткен азаматтары тарих пен фотосурет түрінде» . Француздық журналист Лена Маугер 2008 жылдан бері өзінің әріптесі Стефан Ремалмен бірге бес жыл бойы Жапониядағы түсініксіз үрдісті зерттеп келеді.
«Бұл туралы айтуға болмайды. Адамдар басқа қоғамда қайта пайда болу үшін жоқ болып кетеді» дейді Маугер.
Жоғалған рухтар өздері құрып алған қалада тұрады
Санья қаласын бірде-бір картадан таба алмайсың. Ол тіпті мүлде жер бетінде болмағандай. Қала шалғайда орналасқан. Оның атауы билік тарапынан құпия сақталып келеді. Аталмыш елді мекенде жұмысқа орналасу үшін якуздалармен- жапондық мафия немесе арзан, ресми емес жұмыс күші қажет жұмыс берушілерге бару керек. Қоғамнан бой тасалап, жоқ болып кеткендер кішкентай, нашар қонақ үйлерде тұрады. Онда көбіне ғаламтор мен жеке жуынатын бөлме жоқ. Көп қонақ үйде 6-дан кейін сөйлесуге тыйым салынған.
Санья қаласында Маугер 50 жасар Норихиромен танысты. Ол 10 жыл бұрын кенеттен жоқ болып кетуді шешкен. Ол үшін инженер қызметінен босатылуы нағыз масқара болды. Отбасына бұл туралы айтуға ұялған. Алғашқы кезде Норихиро шындықты жасырып келді. Таң ертең ерте тұрып, костюмін киіп, бұрынғы жұмысына барып, күні бойы көлікте аш, жалғыз күнді өткізген. Осылай бір апта өтті. Оның жағдайы басқаларға мәлім болуы мүмкін екенін ойлағанда өзіне орын таппай кететін.

«Мен былай өмір сүре алмаймын. Кешкі жетіден кейін де, тағы кідіруіме тура келді. Себебі мен де достарыммен бірге барға баратын әдетім болған. Сондықтан қаланы аралап, үйге қайтатынмын. Әйелім мен балам бірдеңеден күдіктенгендей көрінді. Оларды енді қамтамасыз ете алмағандығыма қатты ұялдым. Әрине мен осылай өмір сүре беруші едім. Алайда, отбасым менің аянышты халімді көрмегенін қаладым. Мен нағыз бейшарамын» дейді ол.
Норихиро өзін ретке келтіріп, Санья қаласына аттанды. Отбасына ештеңе айтпай, бір хат қалдырмастан кетіп қалды. Оның отбасы әлі күнге дейін Норихироны өлімдер орманына барып, өзіне қол жұмсады деп есептейді.
Қазір ол басқа есіммен тұрып жатыр. Оның бөлмесінде терезе жоқ. Ол көп ішіп, темекіні көп шегеді. Сондықтан өмірінің соңына дейін осындай бейшара күйде өмір сүруге бел буған.
Жапониядағы «Жоқ болып кету мәдениеті» қиын сәтте жанданады. Тіпті өзін жоқ болып кеткен адам ретінде емес, біреу ұрлап әкеткендей жасап беретін арнайы қызмет пайда болған.
Сондықтан жапон қоғамында жоқ болып кеткен туысының болуы ұят болып есептеледі. Олар полицияға көбіне бармайды.
Іздеу салғысы келетін отбасы «Жоғалып кеткендердің отбасына қолдау» тобының көмегіне жүгінеді. Олар өз тұтынушыларының есімдерін құпия сақтайды.

Ұйым детективтерден тұрады. Олар жылына 300 істі тексереді екен. Жапонияда жоғалып кеткендердің ұлттық базасы жоқ.
Сакае 20 жасында жоғалып кеткен жігітті тауып алған. Ол емтиханын тапсыра алмағандықтан, үйіне қайтып оралмаған. Алайда таныстары Токиодан оны көріп қалған. Сакае сол көшемен күні бойы жүріп, ұяттан жерге кірердей болып, өзіне қол жұмсамаққа бекініп, алайда оған бара аламаған жігітті тауып алған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне сәйкес, 2014 жылы Жапонияда өзіне қол жұмсағандардың саны әлемдік орташа деңгейден 60% -ға жоғары болған. Күніне 60 тан 90–ға дейін адам өзіне қол жұмсайды.
Ал отбасы, достарымен байланысын үзгісі келмейтін жас жапондықтар, сүйікті кейіпкерлері секілді киініп, шынайы өмірден барынша қашуға тырысады.