Калифорниядағы Сакраменто қаласындағы 10 жастағы Дерек Мэйсеннің оқиғасы кімді болсын бей-жай қалдырмасы анық. Басына берілген ауыртпалықты анасы көтере білді.
2005 жылы жазда баланың нейробластома – көбінесе балаларда кездесетін қатерлі ісіктің түріне шалдыққаны анықталады. Баланың өмір үшін күресіп жатқан сәтін фотограф Рене Байер әрдайым суретке түсіріп жүрді.
Міне Дерек және оның анасы Синди бірінші рет медициналық орталыққа тап болды. Баланың сүйек кемігіне донор таба алу мүмкіндігін білу керек. Күту кезінде уақыт өлтіру үшін көңілдерін аулауда.

Синди отадан соң баласын тыныштандыруға тырысып жатыр. Наркоздың күші тарқаған соң бала жанына батқан адам төзгісіз ауруды сезінетін.

Ал, мына жерде анасы баласына массаж жасау үстінде. Мұндай процедуралардың өмірлік маңызы бар...

Қатерлі ісікті жою үшін тағы да ота жасау керектігін білген баласын анасы құшақтап, жұбатып отыр.

Ауырғаны уақытша сезілмеген сәтте Дерек шаттанып қоя береді. Бұл суретте ол бауырларымен ойнап жатыр.

Дерек аурухананы жек көреді. Ол кез келген сәтте бос уақытын далада өткізуге тырысады.

Дәрігерлер ота жасау бөлмесін босатуға өтінбейінше, анасы баласының қасында қала бермек.

Деректің ағасы сәулелі терапия кезінде оның қолын мықтап ұстап тұр.

Дәрігер мен анасы ісікті кішірейту керектігін айтып, баланы көндіруге тырысып жатыр. Бірақ Дерек енді ауруға төзе алмайтынын айтып, үйге алып кетуін өтініп отыр.

Баласы емді жалғастыру үшін анасы оған көлік жүргізуге рұқсат берді. Бірнеше сағаттан кейін ол баласының емделуге мүмкіндігі жоқ екенін біледі.

Қатерлі ісік тез дамиды. Сондықтан баланың көзінің астында көгерулер пайда болады. Деректің артында сүйікті мейрамханасының даяршысы жолдаған хат ілініп тұр. Оған бәрі қолдау көрсетіп, қолдарынан келгенше демеп жүреді.

Синди мен оның жақын құрбысы Келли оған қолдау білдіріп жатыр. Дерек күннен-күнге әлсіз болып бара жатыр.

28 сәуір 2006 жыл. Синди Деректі жерлеу рәсіміне киім таңдап үстінде.

Әбден қажыған Дерек бірнеше қадам жасауға бар күшін салуда. Ісіктің салдарынан асқазаны соншалықты үлкейіп кеткен, тіпті, шалбарына сыйатын емес.

Қайырымдылық акциясы кезінде Дерек анасын сүйіп отыр. Аяғына тұру үшін ол тым әлсіреп кеткен.

Ауырсынуды басатын тым күшті дәрі қабылдаған баласының жанында анасы тәулік бойы болды.

2006 жылы 10 мамыр. Бала қиналып өлмеуі үшін бірнеше уақыттан кейін медбике жансыздандыратын дәрі егеді.

Синдидің жанұясы оны соңғы рет сүйіп, қоштасу әнін айтты.

19 мамыр 2006 жыл. Деректі жерледі. Жерлеу рәсімінде анасы өзі бастап, ағалары мен достары табытты көтерді.

Дерек өмір үшін күресіп, бар қуатын сарп етті. Синди бұл суреттерді бөлісіп, дертпен күресудің қаншалықты ауыр екенін көрсеткісі келген жоқ. Адамдар дені сау болып, әрдайым жанында жақындары табылса қандай бақытты екендіктерін ұғынғанын қалайды.