ХАЛЫҚ:
- Айтшы, ақыным! Перезентханада- пара, Балабақшада- пара, оқу, білімде - пара, жұмысқа кіру - пара, баспана алу - пара, кредит алу - пара, мемлекеттік қызыметте - пара, депутаттық - пара, әділдік іздеу- пара, денсаулық сақтау - пара, үй салуға жеріңде - пара, өлсең екі метр көріңде – пара! Парасыз не бар? Парадан қашан құтыламыз? Айтшы, ақыным!
АҚЫН:
- Туғанда кіндігіңді кесер пара!
Пара мен «көзін ашар» өсер бала!
Парасыз таңың атып, күнің батпас,
Парадан құтыласың өлсең ғана!
Параны алу да өнер, беру де өнер!
Парамен бітпес ісің жөнге келер.
Парасыз бір саланы атап берші,
Мінеки мұрным дайын кесіп берер!
Параны кім алмайды, бәрі алады,
Пара алмаған - "Ақымақ" саналады!
Ауыл, аудан, облыс, Астанаңда,
"Қыбыр етсең" қымқырып пара алады.
"Көк үйде" шіренеді, әне, қара!
Парамен өскен "көкең" кеше ғана...!
Билікті «шірітетін бас жағынан»,
Жазылмас індет болған пай, пай, пара!
Аймұханбет Бейсембеков