Швейцариялық нейрофизиологтар жаңа нейрочип жасап шығарды. Ол арқылы сал болып қалған адамдардың ойын оқуға болады деп жазады PLOS Biology журналы.
«Біз тәжірибе жасап көрдік. Оған 4 ерікті қатысты. Олар біз қойған сұрақтарға ой күші арқылы жауап беріп отырды. Егер бұл нәтижені қайталай алсақ, нейрондардың қозғалтқыш дисфункциясынан жапа шегіп жүрген адамдарды сөйлете аламыз» деді Тюбинген университетінің (Германия) уәкілі Нильс Бирбаумер.
«Қамаудағы адам синдромы» нақты нейродегенеративті аурулары дамуының соңғысы болып есептеледі. Ол дамыған уақытта адам сыртқы әлеммен байланысын үзетін секілді.
Биологтар мүгедек адамдардың ой арқылы кибер-қолмен жұмыс істеуге үйретті.
«Қамаудағы адам синдромының» белгілері комадағы адамдардың ми бөлігі мен денеде болатын өзгерістерді еске салады. Бұған дейін ғалымдар сал адамдар ойлап, тапсырманы шеше алатын жағдайы жоқ деп есептеп келді.
4 ерікті адамға тәжірибе жүргізу арқылы Бирбаумер мен оның әріптестері нейрочип пен интерфейстер «компьютер миы» жүйесі арқылы мидың жіберген белгілерін компьютер тіліне тікелей аудара алу мүмкіндігін тексеріп көргісі келді.
Қиын жағдайда өмір сүріп жатқан адамдардың өзі өмір сүруге талпынып жатқанын көргенде, Бирбаумер мен оның әріптестері зерттеу жұмыстарын қарқынды түрде жалғастырмақ.