АҚШ-тың жаңа президенті Дональ Трамптың жүргізіп отырған саясатына қатысты шет елде жүрген Қазақстандық Жолдас Өрісбаев атты азамат өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазады. Трамптың қабылдаған жарлықтары мен Green Card жобасының АҚШ халқына қалай әсер етіп жатқандығы жайлы сараптама жүргізіп, Ислам Республикаларына қатысты шығарып отырған шешімдердің маңызын және АҚШ-та тұратын өзге ұлт өкілдерінің білдірген наразылықтарының мәнін айта кетеді. Сонымен қатар Дональд Трампқа дейінгі президенттердің тақтан қалай кеткендігі жайлы шолу жасап өтеді.
"Трамп Ақ Үйден уақытынан ерте кеткен АҚШ-тың алтыншы президенті болуы мүмкін. Осыған дейін Линкольн, Гарфильд және Кеннеди президенттік посты кезінде атылып кеткен болса, Франклин Рузвельт науқастанып, өмірден өтеді. Ал Никсонға Уотергейт мәселесіне қатысты импичмент жарияланады.
Anti-Obama
Дональд Трамп өзінің Президент статусындағы он күнде бірталай өзгерістер жасап үлгерді. Келген күні Обамаға қасарысып, жалпыға бірдей медициналық сақтандыруды (табысы төмен азаматтарға тегін) жоққа шығарды. Тағы да, бұрынғы президенттің шешімдерімен келіспейтінін сыртқы саудадағы бірталай келісімдердің күшін жоюмен көрсетті. Ресеймен қарым-қатынасты жақсартып, НАТО әрекеттеріне кедергі келтіруі мүмкін. Оған Конгрестегі республикалықтар да, демократтар да қарсы болғанын білесіз.
Anti-Mexicans
Сосын Мексикамен шекараға қабырға көтеріп, оған кететін қаржыны Мексикаға міндеттейтінін мәлімдеді. Ол қалай дейсіз бе? Жалпы Мексиканың АҚШ-қа экспорт жасайтын тауарларына межеленген салықты 20 пайызға көтеріп, сол қаржыны қабырға көтеруге жұмсамақ. Қазіргі таңда АҚШ халқының 35 пайызын Орталық немесе Оңтүстік Америкадан келген азаматтар құрайды. Олар Трамптың әрекетіне қарсылығын танытып отыр. Себебі Трамп мырза елде заңсыз еңбек етіп жүрген латынамерикалықтарды қатаң қадағалауды міндеттеп отыр.
Anti-Muslims
Трамптың өткен жұмадағы жарлығы америкалықтар арасында тағы бір наразылық толқынының пайда болуына негіз болды. Ол "терроризмге қолдау көрсетіп жүр" деген айыппен 7 мұсылман елінен келген "саяси қашқын" немесе "иммигранттарды" уақытша қабылдамау (90-120 күн) туралы құжатқа қол қойды. Расында Green Card процесі басталғалы бері тізімдегі Сирия (12 587), Ирак (9 880), Сомали (9 020), Судан (1 458), Иран (3 750), Йемен (26) және Ливия (1) сынды елдерден 36 722 азамат келген. Bloomberg мәліметіне орай, олардың ешбірі АҚШ территориясында террорлық әрекетпен көзге түспеген. Соның өзінде Трамптың тізіміне еніп отыр. Оған, әрине, өзге де саяси себептер бар екені белгілі.
Президент Трамп дәл осы мұсылман елдеріне қатысты бұйрығын орындауға қарсы болған Жоғарғы Сот басшысын орнынан алып тастады. Бүгін өзге бір үміткерді Жоғарғы Сотқа басшы етіп тағайындады.
Anti-International Employee
Одан бөлек, Трамп АҚШ территориясында ресми жұмыс істеуге рұқсат ететін H1B визасын шектеу туралы мәселені көтерді. Оған Microsoft, Google, Facebook және өзге де High-Tech компаниялар қарсы екенін білдірді. Себебі Силиконды алқаптағы көптеген компанияларда шетелдік бағдарламашылар еңбек етеді. Трамп бұл шешімін АҚШ азаматтарын жұмыспен қамту мақсатында жасайтынын мәлімдеді.
Anti-Immigrants (Green Card)
Америка Құрама Штаттарын иммигранттар құрған. Соңғы үш ғасырда әлемнің түкпір-түкпірінен ұлты мен нәсілі басқа болған азаматтар көшіп келген. Осы үдерісті жалғастыру мақсатында, Green Card (Permanent Resident) лотереясы ұйымдастырылған болатын. Ендігәрі, кез келген иммигранттың кейсі жекелей қатаң түрде қаралатынына заңдастыру керек екенін айтып отыр. Осы өзгерістің ену мүмкіндігін ескеріп, Трампқа АҚШ-тағы алып қалалардың әкімдері бойкот жариялады.
P.S. Трамптың постқа келгенін небәрі 10 күн болды. Расында, АҚШ президентінің шешімдерімен келіспейтіндер саны күн сайын артып келеді. Бұл, әрине, импичментке алып келеді. Егер Трамп мырзамен Ресеймен қоян-қолтық араласатын болса, онда міндетті түрде посттан айырылып қалады", - деп жазады Жолдас.