ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғайтын комитет шетелдегі эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. Туристерді құс тұмауы, коранавирус, безгек ауруы және Зика т.б қауіп туралы ескертеді.
Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сай, Еуропа елдерінде A(H5N8), A(H5N5) тұмауы өршіп тұр.
2016 жылдың маусым айынан бастап 24 Еуропа елінде үй құстарында инфекцияның өршуі тіркелген. Соңғы аптада Германия, Словакия және Греция елдері де аталмыш аурудың өршігенін хабарлаған.
Адамдар арасында құс тұмауына шалдыққандар тіркелмеді. Алайда адамдарға құс тұмауы жұғу мүмкіндігі зор. Әсіресе құс фабрикасында жұмыс істейтіндер және үй құстарын бағатындарға қауіпті.
Қытайда құс тұмауына A(H7N9) шалдыққан 17 адам тіркелен
Әлемде коронавирусте өршіп тұр. Аталмыш ауруға шалдыққандар – Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Оңтүстік Кореяда тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше аталған ауруға шалдыққандардың 652-сі өлім құшқан.
Зика ауруы Бразилия мен АҚШ-та жоғары қарқынмен таралып келеді. Бразилияда Зика ауруынан көз жұмғандар – 351 адам болса, АҚШ-та 1800 адам, Испанияда – 190 адам көз жұмды.
Сары безгек ауруы Анголада өршіп тұр. Оған шалдыққандар Бразилияда да тіркелген.
Кумамотаның (Жапония) 11 оқыту мекемесінде адамдар жаппай уланған.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғайтын комитеті Қазақстан азаматтарын жеке бас гигиенасын сақтап, аурудың алдын-алуға кеңес береді.