12 ақпан күні мәдени астанамыз Алматының төрінде Бекболат Тілеуханның Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Елім менің» атты шығармашылық кеші өтеді. Басталуы: 17.00-де.
Кеш қонақтары: Қайрат Нұртас, Ернар Айдар, Алашұлы тобы, Досымжан Таңатаров, Ескендір Ибрагим, Айгерім Қалаубаева.
Бекболат Тілеухан – әнші, жыршы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің III және IV шақырылым депутаты.
Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтар күні Астанада Бекболат Тілеуханның Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Елім менің» атты концерті өткен болатын. 3500 адамға арналған «Қазақстан» орталық концерт залында адам лық толы болып, әншілігін жоғары бағалайтын тыңдаушылары дәстүрлі ән өнерінен бастап, эстрадалық әннің жауһарларымен сусындады.