"Арқанкерген" шекарасынан НАТО сарбаздары қолданған мылтық оқтарының гильзасы табылды

/uploads/thumbnail/0_small.jpg
14 шекарашы мен бір қорықшы өлтірілген "Арқанкерген" шекарасынан 5,56 мм ұңғылы мылтық оқтарының гильзасы табылған, деп хабарлайды31 арна. Ал, мұндай оқты тек НАТО сарбаздары қолданған. Бұл табылған заттың Владислав Челахтың ісіне қаншалықты қатысы бар екені әзірге белгісіз.
Алайда, Челахтың қорғаушысы Төлеген Берліқожанов табылған заттарға назар аударудың қажеті жоқ екенін айтады. Оның сөзінше, бұл аңшылардың заттары да болуы мүмкін. Ал, Талдықорған әскери прокуратурасы бұл ақпарат туралы тіс жармады. Тіпті, мәселенің анық-қанығын білмекке талпынған тілшілерді есіктен кері қайтарған. -Бұл бастысы емес. Бәлкім басқа адамдар аңшылық құрып жүріп, тастап кеткен болар. Бірақ ол оқтар сарғайып кеткен. Қазір сараптама тағайындалды. Жақын күндері қорытынды да дайын болады-дейді қорғаушы Төлеген  Берліқожанов.   

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар