Қаржы полициясының құрығынан Талғар қаласының әкімі де құтыла алмады. Адайбек Қожахметов өзінің жұмыс кабинетінде жетінші қыркүйек күні жалға беретін жер үшін, анау-мынау емес, бір жарым миллион теңгені (10 мың АҚШ долларын) алып жатқан жерінде ұсталды. Шендінің қаражатты қолымен ұстамай, қамдануы да құзырлы органның қарымды қолынан оны құтқармады. Жасырын камерамен түсірілген бейнебаян мен «пара» белгісі бар айғақ ақшалар, әкімнің әрекетін әшкере етті.
[video w="500"]http://youtu.be/F-KdKgpQI_g[/video]Артынан белгілі болғандай, бір жарым миллион теңгені жеке компания директоры, әкім мырзаға, қаланың қақ ортасынан берілетін жарнама телекешеніне арналған телім үшін берген. Көп көк қағаздың қызығын көрмеген бойы әрекеті әшкере болған әкімнің жүрегі, мұндай сұмдықты көтере алмай, сыр берген көрінеді. Сөйтіп, қаржы полициясының қызметкерлері шенеунікті кісендемей, кісілік танытқан. Салдарынан қылмыстық іс қозғалғанымен, әкім Адайбек үй қамаққа алыныпты.
Зарина Әлішер
"Қамшы" ақпарат
Пікір қалдыру