Билік Әблязовтан жауап алғысы келіп Астанаға шақырды

/uploads/thumbnail/20170709203202190_small.jpg

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жауап алу үшін Мұхтар Әблязовті Астанға шақырды  деп хабарлайды ведомствананың баспасөз қызметі.

"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджменті М.Қ.Әблязовқа, Ж.Д.Жарымбетовке және өзгелерге қатысты қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеуін жалғастыруда. Тергеу барысында жемқорлыққа қарсы қызметі Әблязов пен оның сыбайластарының басқа да заңсыз әрекеттері табылды. Анықталған деректер Әблязовтің қылмыстық ұйым құрып, оған басшылық еткен болуы мүмкін. Оның ішінде бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топ кіреді, топ Қазақстан территориясында да, шетелде де әрекет еткен", - делінген ведомство хабарламасында.

Мұхтар Әблязов 2017 жылдың 10 ақпан, сағат 17.00-ге дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына келу керек.

 

Қатысты Мақалалар