Германия билігі босқындарды отанына жіберудің жаңа әдісін ойлап тапты

/uploads/thumbnail/20170709203210437_small.jpg

Германия билігі босқындардың отанына қайту үшін €1200 төлейді деп хабарлайды izvestia.ru. Осылайша босқындарды үйіне қайтуға үгіттемек.

Геманияның ІІМ «Бастапқы көмек плюс» атты жаңа бағдарламасын жасады. Оны қаржыландыру үшін  €40 млн. бөлінді.

Бағдарлама 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап іске қосылды. Ол бойынша 45 елдің мигранттары қамтылады. Бағдарламаның негізі – босқындардың өз еркімен отанына оралуы.

Қаржылық көмек 12 жастан жоғары азаматтарға қарастырылған. Қаржы аудару екі кезеңнен тұрады. Алғашқысын Германиядан кетіп бара жатқанда, қалған бөлігін отанында 6 ай тұрғаннан кейін береді.

Миграциялық саясат сарапшысы Катарина Эндерс аталмыш бағдарламаның күмәнді тұстары көп екенін айтады.

«Босқындардың өз үйін, отанын тастап келуінің себебін ескеру керек. Бұл кедейшілік, ертенгі күнге сенімсіздік, соғыс пен шектеулер. Бір ретті төлем, олардың отанынан оралғаннан кейінгі мәселелерін шеше алмайды. Көптеген босқындар Еуропа еліне келу үшін делдалдарға көп ақша берді. Сондықтан неміс билігі оларды қабылдауға қарсы болған жағдайда, олар басқа елден пана іздейді» деді Катарина Эндерс.

Сарапшының айтуынша Германия канцлері Ангела Меркель сайлаушылардың қолдауына ие бола алмай отыр. Аталмыш бағдарламаны енгізу арқылы көшбасшы деңгейінде қалып қоюды көздейді.

«Көптеген тұрғындар босқындардың толассыз келіп жатқанына алаңдап отыр. Бұл жағдай «оң партиясының» атағын асқақтатты. Ангела Меркельдің басшылығындағы басқарушы партия сайлау алдында өзіне ұпай жинауға талпынып жүр» деп атап өтті Эндерс.

Алайда бұл шаралар да мәселені шеше алмайды. Германия тұрғындарының ойынша канцлер Ангела Меркель елде миграциялық дағдарыс орнағанына жауапты.

«Бастапқы кезде неміс билігі босқындарды өз еліне шақырды. Енді қаржылық көмек арқылы олардан құтылуды ойлап отыр. Босқындар көбіне соғыс, терроризм, аштық  орнаған елдерден келгенін ескеру керек» деп өз ойымен бөлісті Берлин тұрғыны Анна.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысты Мақалалар