Ерік Рахимов oinet.kz сайтының бас редакторы болды

/uploads/thumbnail/20170709203414439_small.JPG

Қазақ тілді сайттардың қатарына жақында қосылған oinet.kz сайтына сақа журналист Ерік Рахимов бас редакторы болып келді. Бірінші ақпаннан бастап аталған сайтқа бас редкторлық қызмет атқаратын Ерік Рахимов әлеуметтік желіде былай деп жазды:

"Ой-пікіріміз бен көзқарасымыз ғана емес, өмірлік ұстанымдарымыз да бір арнаға тоғысып жатқандықтан, өзім ерекше құрметтейтін азаматтардың кезекті өтінішін жерге тастамадым. Илегеніміз бір терінің пұшпағы болса, аянып қалуға сылтау бар ма? Оның үстіне, «көгалды қуып гөләйттап» жүре беретін де заман емес...
«Ойнет.кз» сайты үшін «жазуға болмайтын» тақырып жоқ. Аз уақытта өзіндік қолтаңбасы қалыптасып үлгерген сайтқа осындай мінез жарасса керек-ті. Сондықтан, сауатты һәм батыл журналистерді және сарапшыларды сайттың авторы болуға шақырамын. Жаза алмасаңыз – сізге серт, жариялай алмасақ – бізге серт.
Қазақ журналистикасының ұстаханасы атанған «Жас Алашта» бір мүшел уақыт жүріп жиған-терген тәжірибе мен білімді алдағы уақытта сайттың өркендеуіне жұмсамақпыз. 
Ендеше, «Іске сәт!» деңіз, патша көңілді дос-жаран!", - деп жазды жаңа қызметі турасында Ерік Рахимов.

Қатысты Мақалалар