WhatsApp адамдардың жеке мәліметтерін тарататыны белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170709203410609_small.jpeg

WhatsApp мессенджерінің неміс қолданушылары Facebook компаниясын сотқа берді деп хабарлайды reactor.inform.kz. Олар WhatsApp қолданушыларының жеке ақпаратын сақтап, оны жария ететінін біліп, наразылық білдірді.

Аталмыш мессенджер Facebook компаниясына тиесілі. Алғаш рет өткен жылдың тамыз айында WhatsApp қолданушыларының жеке мәліметтерін олардың рұқсатынсыз таратқаны белгілі болды.

Мессенджер Facebook аккаунтына тіркелген. Сондықтан әлеуметтік желі қолданушысының аты-жөні, телефон номері, туған жылы т.б ақапаратқа қолжетімділігі бар.

Сарапшылардың пайымдауынша осылайша Facebook әлеуметтік желісінде байланыс телефонындағы адамдар туралы ақпарат пайда болады. Неміс қолданушылары тұтынушылар ұйымдарының Федерациясына жеке мәліметтерін мәлім еткені үшін  шағымданған. Нәтижесінде сотқа шағым түсті. Онда Facebook-тағы жеке ақпаратпен алмасу жасырын болғанын және желі қолданушыларының рұқсатынсыз алынған мәліметтерді өшіруді талап етіп отыр.

WhatsApp өкілдері тұтынушылық келісімде жеке мәліметтерді жариялауға рұқсат етілгенін айтып отыр.

 

Қатысты Мақалалар