Украинаның Донецк облысының ресми билігі ДХР содырларын Авдеевкадағы мектеп пен стадионда атыс жасады деп айыптап отыр деп хабарлайды bbc.com. Салдарынан бірнеше адам көз жұмды.
Облыс әкімшілігінің басшысы Павел Жебривскийдің мәліметінше, стадионда палаталы қалашық пен жылыту бекеттері болды. Ал мектепте гуманитарлы көмек қабылдайтын бекет жұмыс істеп жатқан.
Атыста екі бейбіт тұрғын қайтыс болды. Тағы екі адам жараланды.
Украинаның Донецк облысындағы аудандарды бақылайтындар Украина әскерін Донецкідегі атысты ұйымдастырды деп айыптап отыр. Екі тарап бір-бірін кіналауда.
ЕЫҚҰ екі тарапта да заң бұзушылық бар екенін айтады.
Украина билігі Авдеевкадағы жағдай әлеуметтік апаттың алдында тұрғанын хабарлады. Авдеевкадағы жағдай жексенбіге қараған түні ушыға түскен. Дәл сол уақытта соңғы бір жарым айда ең көп адам мерт болды.
Ресей президенті Владимир Путин жанжалдың тұтануына Украина себепкер болды деп есептейді. Путиннің айтуынша олар өздерін осылайша агрессия құрбаны қылып көрсеткісі келді.
Ал Украина президенті Петр Порошенко керісінше Авдеевкадағы жағдайдың ушығуына ресейлік содырларды кіналауда. Оның сөзінше алғаш рет украиндық әскер мен бейбіт тұрғындарға қарсы реактивті артилерия қолданған.