Селфи жасаймын деп мұздың астына құлап түсті

/uploads/thumbnail/20170709203511236_small.jpg

Қызылжар ауданында Лисаковск бөгетінде  2 ақпан күні қыз мұздың астына құлап түсті деп хабарлайды Акцент ТВ. Күзетшілердің арнайы қызметі анықтағандай, 25 жастағы қыз селфи жасаймын деп мұздың астына құлап түскен.  Оқиға түскі уақыт кезінде болған. Қызды дер кезінде шығарып алған, жедел жәрдем мен ТЖМ шақыртады.

25 жастағы қыздың сөзінше, ол өзен жағалауына суретке түсуге келген. «Қарасам, балықшылар отыр екен, демек қауіпсіз деп ойладым. Жағалауға жақындай беріп едім, мұз шытынамайды екен.

Камераны орнатып жатқанымда, шытынаған дыбыс ести бастадым. Кейін қарай шегініп едім, үлгермедім. Суға құлап кеттім. Бірден шығып үлгердім. Содан кейін балықшылар келіп, маған көмектесті. Полиция келді. Телефоным ағып кетті, несиені енді төлеп болып едім. Бірақ, ең бастысы, өзім аман қалдым», – дейді қыз.

Оқиғадан соң, оқиға орнында қоршатулар қойылды.

 

Қатысты Мақалалар