Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк басшысына: Ешкімнен қорықпа

/uploads/thumbnail/20170709203557064_small.jpg

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банктің төрағасы Данияр Ақышевты толықтай қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

«Өткен жыл өте ауыр болғанына қарамастан, Ұлттық Банк жақсы жұмыс істеді. Енді банктің мүмкіндіктерін заң арқылы күшейтуді тапсырып отырмын. Осындай құқық беру керек. Ұлттық Банктің жұмысына килігуді елдің қаржы саласына килігу деп санап жазалау керек. Көріп отырмын, Ұлттық Банк тәртіпке келтірген сайын Ұлттық Банктің төрағасы шабуыл күшейіп жатыр. Мұны осы залда отырған акционерлер мен демеушілер жасауда» деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ол ретке келтіруге кедергі жасаушыларға шара қолданылатынын айтты.

«Бұған газеттер мен журналистер емес, соның иелері кінәлі. Біз реттеуге кедергі келтіретіндерге шара қолданамыз. Банктер әлсіз. Бар-жоғы 4 банк банктің 80 пайыз акциясын ұстайды, қалғандары 26 пайыз, кейбірінде тіпті 1 пайыз да жоқ. Дағдарыс болған кезде, ірі компаниялар әдетте бірігеді. Біріксін, акционерлер банкін сақтап қалғысы келсе, өз акцияларын ортаға шығарсын. Банкті сақтаудың басқа амалы жоқ. Олар экономикаға керек емес, демек жұмыс істеуіне де қақы жоқ. Дұрыс қой? Міне, ешкімнен қорықпа! Жұмысыңды еркін істей бер! Бәрі заң бойынша, орнымен. Біреу араласса, маған фамилиясын айт», — деді Назарбаев.

 

Қатысты Мақалалар