Қазақстандық спортшы Галина Вишневская Алматыда өтіп датқан Универсиада ойындарының 10 шақырымға із қуалай жарысу сайысында нысанадан шатасып, жүлдегерлер қатарынан тыс қалды, деп хабарлайды vesti.kz.
Бәсекенің ережесі бойынша спортшылары бірінші нысана көздеу айлағында нысанда екі рет жатып, ал содан кейін екі рет тұрып ату керек болған. Бірақ біздің отандасымыз Галина Вишневская екінші мүмкіндігінде тұрып атып, жарыстың ережесін бұзды.
Негізі отандасымыз екінші нысана көздеу айлағына келерге дейін көш бастап келе жатқан. Бірқа, бұл қателігінен кейін жарысты ұйымдастырушылар Галина Вишневскаяны жарыс жолынан шығарып тастады.