Белгілі израилдік саяси сарапшы Соломон Манн өзінің Facebook парақшасында Дональд Трамптан тосын сыйларды күтудің қажет жоқ екенін және ол өзін сайлау алдында қандай істер атқаруға уәде берсе, сол уәдесін орындап жатқанын жазды.
Ресейді 17 жыл бойы бір адам басқарып келеді. Соломон Манның ойынша Трамп жақын уақытта Ресеймен келіссөз жүргізе бастайды. Ол жан-жақты және ауыр болады деп болжайды. Бір жағынан Трамп Манафордың «орыстармен сөйлескенде қолыңда тас болсын» деген ақылын есінде ұстайды. Екінші жағынан Трамп электоратты қанағаттандырып, оларға бейбітшілік пен қорғаныс және кәсібінің өркендеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан ол ЕО арқылы Ресейге санкциялармен қысым жасаса, екінші жағынан «дәмді бәліштер» ұсынады: Ресей Сириядағы ДАИШ тобын жеңгеннен кейін сыйлық алуына мүмкіндік береді. Ресейдің Еуропаның санкциялық таласында өзін жеңімпаз сезінуіне, Путинге сайлау алдында жоғары рейтингпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Ал Путин оның орнына Сириядағы ДАИШ тобымен күрестегі барлық жұмысты өз мойнына алады. АҚШ-тың Иранды тежеуіне кедергі келтірмейді және Украинаға Донбассты министік келісім бойынша қайтарып береді. АҚШ-тан кейін оң партияның қысымымен Еуропаның санкцияны жоюуына тура келеді. Алайда санкцияның барлық шығыны ЕО мойнында болады» дейді сарапшы.