Cенатор Дархан Қалетаевтың ойынша парламент жаңа заңға қатысты дүрліккен халықты қабылдайтын және пікірін тыңдайтын алаңға айналу керек.
Қоғамдық сараптама кәсіби денгейге шығу қажет. Ал билік кез-келген идеяны қарапайым тауар секілді қоғамға ол не үшін пайдалы екенін түсіндіруі керек. Дархан Қалетаев саяси маркетинг, жауапсыз элита мен түрмеге не үшін барғанын айтып берді деп жазады caravan.kz.
Сенаттағы жұмысыңыздан алған алғашқы әсеріңіз қандай?
Мені сенатор етіп тағайындаған елбасына ризашылығымды білдіргім келеді. Жұмыс пен мансап бойынша жолы болған адаммын. Жас кезімде Президент Әкімшілігіне келіп, ПӘ басшысының орынбасары қызметіне дейін көтерілдім. Басқарушы партия басшысының орынбасары қызметін атқардым. 7 жыл «Самұрық-Қазынада» - қазақстандық экономика жүйесіндегі флагманында жұмыс істедім. Жас кезімде жауапты қызметтер атқара алдым. Енді міне сенаттамын.
Қоғамдық сараптама қажет
Шулы көші-қон заңын қабылдағанда сенаторлар оның салдарын неліктен алдын-ала ойластырмады? Бұл құжатқа қажетті нормативті-құқықтық акттер қосымшасы және қажетті ақпараттық қолдау болмаса оны қалай мақұлдады?
Жұмыс тобы мен палата отырысында депутаттарда, мемлекеттік құрылымдар бұл заңды жүзеге асыруға дайын ба деген сұрақтар туындады. 100% дайын деген жауап болды. Бірақ одан кейін қиындықтар туындады.
Бұған заң жобасының сапасыз заңгерлік сараптамасы себеп пе?
Мүмкін. Бірақ заңның маңызды кәсіби сараптамасынан бөлек, қоғамдық сараптама да болу керек. Жер, тіркеу туралы заңды алсақ та...Қазір біз бас қатырып отырмыз. Сол кезде қоғам белсенділері қайда болды? Олар талқылауға қатысты ғой.
Белсенділер, пікірі тиісті жерге жетпеді деген ойда...
Мүмкін. Бірақ өз пікіріңді естіртудің түрлі жолдары бар және оны пайдалану керек. Мәселен, парламент палатасына, елбасына дегендей. Өз позицияңды дәлелдеп үйрену керек.
Өкінішке орай, қоғамдық сараптама механизмі бізде әлі өңделмеген. Процессті басқарудың нақты құрылымы жоқ. Азаматтық альянс толыққанды жұмыс істеп отырған жоқ. Ол қазір қайда? Ешкім білмейді. Ол мемлекеттік емес ұйымдарға арналған өте үлкен алаң ,бола алушы еді ғой! Қазақстанның халықтар Ассамблеясы – алаң. Саяси партия – алаң. Кәсіподақ – алаң. Осы институттар арқылы билік қоғаммен диалог жүргізе алады. Бірақ өкінішке орай ол да өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып отырған жоқ. Бұл оның кәсібилігіне қатысты сұрақ.
Билік іске асырғысы келетін кез-келген идея – сатылуы тиіс тауар. Яғни мәселе саяси маркетинг туралы. Жаңашылдық қоғам үшін қандай пайда алып келетінін түсіндіру керек. Сонда халық оны қолдайды. Қоғам бізде белсенді және оны жақсы жаққа қарай бұру керек.
Петиция пікірін жеткізудің жолы
Қазір петицияға қол қою керек. Осы күндері менің әріптесерім БАҚ туралы Заңдағы өзгерістерге байланысты қарсы петицияға қол қоюда. Парламентке үндеулер қаншалықты жиі келіп түседі және оның тиімділігіне сенесіз бе?
Бәлкім бұл петициялар мәжіліске түсетін шығар? Сіз қазір БАҚ қарсы Заң петициясы туралы айтып жатырсыз. Ал ондай құжат бар екенін мен сізден бірінші рет естіп отырмын. Тұрғылықты жері бойынша тіркелуге петиция болғаны есімде. Бірақ оған қанша адам қол қойды және ол қазір қайда? Оны кім қарады? Қайталап айтамын қоғамдық пікірді зерттеу бізде ақсап тұр.
Парламент үндеулерді біріктіретін орталыққа айнала ала ма? Біріккен палаталар отырысында, мыңдаған қазақстандықтар қол қойған петицияларды қарауға қажеттілік пен мүмкіндік бар ма?
Парламенттің оған мүмкіндігі бар және петицияларды қарастыруы қажет. Себебі оны халық сайлайды. Сондықтан халықтың пікірі ескерілу керек. Бірақ өңдеуші де жаңа заңды қабылдауды ұсынғанда оның артынша қанай процесстер болатынын түсіну керек және оған жауапты екенін сезінуі қажет.
Кішігірім мысал. Жақында мен қатаң түзету мекемесіне бардым. Соның алдында ғана біз рақымшылық туралы заңды қабылдадық. Жазасын өтеушілердің оған көзқарасын білгім келді. Сол мекемедегі 600 жазасын өтеушінің тек екеуі ғана рақымшылыққа ілінді. Пробация заңы туралы бізге түрме басшылығы айтып берді. Жазасын өтеушінің еркіндіктегі өмірге бейімделуі үшін түрмедегі соңғы жылында оған жақсы жағдай жасау керек. Бөлек жатын орын, жұмысқа орналасуы үшін курстарға қатысуы қажет. Алайда оған қаражат қарастырылмаған.
Яғни, ІІМ заңды ұсынды. Ал оны қаржыландыруын ойластырмады. Сондықтан бұл заң белгілі дәрежеде жұмыс істемейді. Енді ІІМ аталмыш заңның негізгі орындаушысы болғаннан кейін қаржылық базаны ойластыруы керек. Бюджет қайта қаралатын болады. Бұл жерде жауапкершілік туралы мәселе қайта туындайды. Ал ол жағы әзірше ақсап тұр. Біздің шенеуніктер жауапкершілікті арқалағысы келмейді.
Қаржы жұмсалды, ал нәтиже жоқ
Мемлекеттік бағдарламаларды алайық. Бюджеттегі ақшаны қалай болса, солай жұмсалғанына кім жауапты?
Келісемін. Нақты аймақтар бойынша мысал келтіргім келмейді. Жалпылама ол былай: бір әкім бірнеше нысанның құрылысын бастайды. Сосын әкім өзгереді. Ол нысандарды тастап, басқасын бастайды. Бір ауданда 46 құрылысы бітпеген мектеп, балабақша және т.б ғимараттар бар. Жаңа басшы бұл құрылыстардың барлығын тоқтатып, жаңасын бастайды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша да солай. Ақшаны жұмсады, нәтиже болмады.
Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін үкімет пен Президент Әкімшілігі бағалайды. Алайда бұл туралы ақпарат мүлдем жоқ. Ал мемлекеттік органдардардың тиімділік бағасын жариялауға міндетті емес. Осыны өзгертуге бола ма?
Қаржыны талқылаған уақытта осы сұрақты қазіргі қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа қойғанмын. Бізде нәтижеге негізделген бюджет секілді түсінік бар. Көптеген бюджетті бағдарлама бар. Ал әр бағдарламаны бағалауға идеалды критерийлер жоқ. Сонда маған әр министрлікте индикативті бағдарлама барын және оның сайтта жарияланғаны айтылды. Мен бірнеше министрліктің сайтына кірдім, бірақ анық ештеңе таба алмадым.
Үкімет мемлекеттік органдар арқылы мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалайды. Сіздің ойыңызша, тәуелсіз халықаралық ұйымдар осындай сараптамамен айналысуы қажет пе?
Өздері өңдеп, өздері жүзеге асырғанда және оның тиімділігін өздері бағалаған уақытта мүдделер қайшылығы болады. Бірақ халықаралық бағалау бұл үлкен қаражат. Халықаралық кеңесшілер өте қымбатқа түсетінін ескеру керек. Менің ойымша уәкілеттілікті бөлгенде, бұл тиімділікті бағалау функциясы парламентте болуы мүмкін. Мәжіліс премьерді де, үкіметті де және бюджетті де бақылайтын болады.
Депутаттар қаржылық мәселелерін қаншалықты терең меңгерген?
Осындай сұрақтар тумасы үшін, Есеп комитеті парламентке бағынышты болу керек. Ол баяндамаларды дайындайды. Ал парламенттің мақсаты оны бақылау. Қазір жағдай қалай? Есеп комитеті қаржының дұрыс қолданылмағаны жазылған есепті көрсетеді. Ал жазықты министрлік ақталуға тырысады. Тексеру болған органда талас басталады. Олар қаржының тиімді пайдаланылмағанын дәлелдеуге тырысады. Қарсы тарап барлығы дұрыс болғанын айтады. Кейде тексерілген орган өзінің дұрыстығын дәлелдеп жатады. Сонда Есеп комитетіндегі адамдар қаншалықты кәсіби түрде жұмыс істеп жатыр? Тексеретін есеп комитетінің адамдары парамен ұсталып жатқан жағдайлар болды.
Депутаттардың біліктілігі туралы сұрақ туындайды. Барлық нәрседе білікті болу мүмкін емес. Өзім туралы айтайын. Мен сенатқа жақында ғана келдім. Көптеген заң шығаруға қатысты сұрақтардың барлығын әлі біле бермеймін. Алайда заң жобаларының негізін түсіну үшін көп оқуға тырысамын және адамдардың пікіріне құлақ асуға тырысамын.
Жауапкершілік саяси бәсекелестікті болжайды
Сізді не толғандырады?
Элита шешім қабылдап, ол үшін жауапкершілікті артуды үйрену керек. Жақында президент не туралы айтқаны есіңізде ме? Барлық маңызды шешімдерді оның мойнына ілуге тырысады. Барлық мәселелерді президентпен келіседі. Барлығын елбасының тапсырмасымен жасайды. Яғни адамдар билікте болғысы келеді. Алайда өзіне жауапкершілікті алғысы келмейді. Неге екенін білесіз бе? Себебі жауапкершілік дегеніміз саяси бәсекелестік. Сапалы жұмыс істей аласың ба, Қош келдің! Қолыңнан келмей ме басқа іспен айналыс. Қолынан іс келетін адамға жол бер.
Аударған: Әсем Әлмұханбет
Пікір қалдыру