СҰМДЫҚ: ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНЫҢ ӘЖЕТХАНАҒА ОТЫРҒАН ВИДЕОСЫ ТАРАЛЫП ЖҮР

/uploads/thumbnail/20170709205804573_small.jpg

ҚР Бас Прокуроры Жақып Асанов, ҚР ІІМ Қалмұханбет Қасымовтың назарына

Бірнеше күн бұрын мынадай сұмдықты естіп жағамызды ұстадық.

Ғаламторға белгісіз біреулер «Қазақ қыз-келіншектері қалай кіші дәретке отырады» деген тақырыппен видео жариялаған. Ең сорақысы сол – видеоға тек ұлты қазақ әйелдерді түсірген. Онда 10 шақты қара көз қыздар мен әйелдердің дәретханаға отырғанын ашық көрінеді.

Видеоны қай елді-мекенде түсіргені белгісіз, алайда күн жылы кезде түсірілгені белгілі. Қара көз қыздарымызды масқаралап түсірген аталмыш видео ғаламторда кеңінен таралып, көрушілердің саны мыңнан асады.

Мұндай сорақылық іске барған азаматтардың кім екенін анықтау мүмкін болмай отыр. Олар видеоны жасау үшін әбден дайындалып, біраз жұмыс атқарғаны көрініп тұр. Ең алдымен, олар дәретхананың астына және кіреберісіне камера орнатқан. Дәретханаға кірген қыз келіншектердің бет-жүзін анық түсіріп, одан кейін дәретхананың астынан түсірген камера арқылы қыздардың дәретханаға отырғанын көрсеткен. Видеоға түсіп қалғандардың ішінде ақ шашты қария әже де, орта жастағы әйел де, жас қыз да бар. Видеоның атауына сай және ондағы әйелдердің бет-әлпетіне қарап қазақтарды ғана түсірген деп топшылаймыз. Осыдан видеоны жасаушылардың алдын-ала барлығын ойластырып, белгілі бір мақсат көздегенін аңғаруға болады.

Бұл сорақылықтың алдын алмаса, әлі талай қаракөз қыз-келіншектер адамның жеке басын қорлайтын аталмыш видео авторларының құрбанына айналуы мүмкін. Олардың қатарынан кез келгеніміздің анамыз, әпке-сіңлілеріміз немесе қарындас бауырларымыз көрініп қалмасына да кім кепіл?! Ең қорқыныштысы – мұндай былық іс-әрекеттер әлемге таралып, ұлттық намысымызға тиіп, қазақ халқын аяқ асты еткісі келетіндердің саны артуы әбден мүмкін. Сол себепті де бұл мәселеге бейжай қарамай, қылмыскерлерді құрықтап, басын ашып алу қажет деп ойлаймыз.

Аталмыш видео адамның жеке басын қорлайтын, мазақ ету мақсатында түсірілгені мәлім. Ол – тек бір адамға ғана емес, бүкіл  ұлтымызға тигізер кесірі мол материал. Сондықтан "Қамшы.кз" порталы ҚР конституциялық заңы бойынша, бұл істі атқарушыларды тауып, жеке басты қорлау бабымен заңмен қудалауды сұрайды. Сонымен қатар «Қазақ әйелдері қалай кіші дәретке отырады» деген тақырыппен ғаламторда тараған видеоны өшіріп тастауларыңызды талап етеді.

Ел алдында етегін ашпаған, ар-әдепті сақтаған қаракөз қыз-келіншектерімізді бұлай қорлауына жол бермей, жедел түрде мәселенің мән-жайын анықтап, бұл істі жедел түрде жүгендеу қажет деп есептейміз.

"Қамшы.кз" порталы бұл хаттың электронды нұсқасын  ҚР ІІМ мен ҚР Бас Прокуратурасының электронды поштасына жібереді.

Қамшыгер:  Назерке Лабихан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар