Алматыда өткен 28-ші дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындары өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы елімізде өткен Униерсиада ойындарында барлығы 36 медаль иемденді. Оның 11-і алтын, 8-і күміс, 17-і қола медаль. Жүлдегерлерге қаншалықты қаражат жұмсалғаны туралы sportportal.kz жазды.
Универсиада ойындары басталмай тұрып Спорт және мәдениет министірі Арыстанбек Мұхмедиұлы Универсиада жеңімпаздары 4,9 миллион теңге, күміс жүлдегерлері 3,3 миллион теңге, қола жүлдегерлері 1,6 миллион теңге көлеміндегі сыйақы алатындықтарын мәлімдеген болатын. Жүлдегерлердің бапкерлері де дәл сондай соммадағы сыйақыға ие болады.
Шайбалы хоккейден еліміздің ерлер құрамасы финалдық кездесуде Ресей құрамасына жол берген болатын. Осындай нәтижелеріне қарамастан құрамамыздың 23 ойыншысының әрқайсысы 3,3 миллион теңгеден алады.
Бірінші орын иеленген спортшыларға берілетін жалпы ақша 63 миллион 700 мың теңге болса, күміс жүлдегерлерге 125 миллион 400 мың теңге, қола медаль алған спортшыларға жалпы 40 миллион теңге беріледі. Спортшылардың бапкерлеріне де жүздеген миллиондар жұмсалмақ. Жалпы Универсиада жүлдегерлері мен олардың бапкерлеріне 458 миллион 200 мың теңге төленеді.
28-ші дүниежүзілік Униерсиада ойындарына қатысқан басқа елдер спортшыларының айтуынша оларға жүлделі орындары үшін ешқандай сыйақы қарастырылмаған.
Ең басты айта кететініміз 458 миллион теңге республикалық бюджеттен бөлінетін болады.
Пікір қалдыру