Жас жігіт Буэнос-Айрестегі Ұлттық кітапханаға қарай жол тартқанын мәлімдеді.
Канадалық қала Торонтоның тұрғыны Антон Пилип 2012 жылы жоғалып кетеді. Оны Амазонканың ормандарынан іздей бастайды, деп хабарлайды РИА Новости.
Ол бес жыл бойы бірде-бір құжатсыз және ақшасыз он мемлекетті жаяу жүріп өткен.
Жол бойын кір киіммен жалаң аяқ кезген адамды бразилиялық тәртіп сақшылары байқап қалады. Алғашында ер адамды кедей деп ойлап қалады, алайда полиция онымен тілдесіп, оның Канадалық екенін анықтайды. Одан кейін полиция оның ағасымен байланысады. Жігіттің туысқандары оны психикалық аурудың салдарынан үйін тастап кеткенін айтады.
Анықталғандай, Пилип АҚШ-тан өтіп, Мексикаға жеткен. Гватемалада болып, Коста-Рика, Панама, Колумбия, Венесуэла және Аргентинаны жүріп өткен. Ол жолдың көп бөлігін жаяу өткерген. Арасында ғана жолай өтіп бара жатқан көліктерге отырған. Жолда ер адам жеміс-жидектермен тамақтанып, қалаға жеткенде киім тауып, қоқыстан тамақтанған.
Пилип 10 мемлекетті құжатсыз кезіп жүрген.
Жас жігіттің айтуынша, ол Аргентинадағы Ұлттық кітапханаға қарай бет алған. Алайда Пилип көздеген жеріне жеткенде оны құжаты болмағандықтан және киімі кір болғандықтан кіргізбей қояды. Қамығып қалған жігіт қайтадан кері қарай Бразилияға бет алды.
Пікір қалдыру