ҰҚК төрағасының орынбасары Ерлан Қариннің жаңа лауазымына қатысты өз пікірін білдірді деп хабарлайды tengrinews.kz, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.
10 ақпан күні Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Қазақстандағы экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік жобаны талқылады. Бұл жиынға күні кеше ғана «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының төрағасы болып сайланған Ерлан Қарин де қатысуы керек болатын.
«Біз Ерлан Қаринді өз пікірін білдірсін деп шақырған болатынбыз. Алайда, күні кеше ғана оны жаңа қызметке тағайындады», - деп мәлімдеді ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.
Ол Ерлан Қариннің Қазақстан Стратегиялық зерттеу институтында жасаған еңбектерін айта кетті.
«Ол өз ісінің маманы, Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалған соң жаңа профилактика (терроризм мен экстремистерге қарсы) жұмысы қарқындай бастайды деп сенеміз. Онымен бұған дейін де сөйлескенімде өзінің дайын екендігін, өзінің әріптестерімен бірге мемлекеттік жобаның дайын түрін эксперттердің бағалауына жіберу үшін жұмыс жасап жатқандығын жеткізген болатын», - деп өз пікірін айтты ҰҚК төрағасының орынбасары.
Естеріңізге сала кетсек, Ерлан Қарин кеше «Қазақстан Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының төрағасы болып сайланған болатын. Осы уақытқа дейін ол Қазақстан Стратегиялық зерттеу институтын басқарған. Ол «Орта Азиядағы экстремизм», «Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі: қауіп иерархиясы», «Қазақстанның ішкі саясаты: жаңа басымдықтардың жасалуы» атты кітаптарының авторы.
Аударған: Назерке Лабихан
Пікір қалдыру