Елордадағы серкелердің мүйіздері соғылысқан дауысты естімесек те, орынтақтарының ауысқанына куә болдық. Жасыратыны жоқ, «Жаңа өзеннен» кейін Асекеннің атағы аспаннан жерге түскендей болған. Ал, былайғы жұрт «Мәсімов билігінің мәні кетті» деп қанша жерден шуласа да, Кәрім мырза қазақ үкіметін алты жылға жуық уысында ұстады. Дегенмен көп өзгерген ештеңе жоқ. Қосылғыштардың орыны ауысқанымен қосынды өзгермеді. Еркесі де серкесі де төрден түскен жоқ.
Әттең! Ерлан Қарин Үкіметті ұстаса, Берік Әбдіғалилер әкімшілікті тізгіндесе, Айдос Сарымды министрдің тағынан көрсек Алаштың күткені сол еді... Әліптің артын бағайық.
Пікір қалдыру