УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалында мадридтық «Реал» Италияның «Наполи» клубын өз алаңында қабылдады. Ал «Бавария» үшінші мәрте 1/8 финалында «Арсеналмен» кездесті.
«Реал» «Наполи»
«Реал» екінші жыл қатарынан 1/8 финалында италияндық клубпен кездесіп отыр. Алдыңғы жылы «Рома» клубымен кезіксе, осы маусымда корольдік клуб «Наполимен» кезікті. «Реал» алаң қожайыны ретінде 90 минут бойы қонақтарды қыспаққа алумен болды. Бірақ қонақтар 8-минутта алғашқы мүмкіндіктерін пайдалана алып, Инсиньенің соққан голымен алға шықты. Жанкүйерлерінің қолдауымен 18-минутта «Реал» таразы басын теңестірді. Дани Карвахальдің әуелете шығарған пасына, Бензема баспен гол соғып таразы басын теңестірді. Бірнеше минуттан соң Роналдуның гол соғуға мүмкіндігі болды, бірақ оның соққысы қақпадан тыс кетті. 49-минутта Роналду оң қапталдан «Наполи» қорғаушысын алдап өтіп, допты Кроосқа жеткізді, Кроос мүлт кетпеді. Ал 54-минутта айып алаң сыртында Каземиро күтпеген жерден тосын соққы жасады. Оның соққысына Рейна қауқарсыз болды. Каземиро соққан үшінші гол ойынның соңына дейін сақталып қалды.
Гол авторлары:
Инсинье Л. 8-минут (Наполи)
Бензема К. 18-минут (Реал)
Кроос Т. 49-минут (Реал)
Каземиру. 54-минут (Реал)
Бейбарыс Жұмабай